2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің директорлар кеңестерінің айрықша құзыретіне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібін айқындау, оның басшысы мен жұмыскерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау мәселелері де жатады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 182-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару
1. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құрылуы мүмкін.
Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережені және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді, сондай-ақ кемінде үш жылда бір рет корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізеді, оның нәтижелерін акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырады.
183-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бюджеттік инвестицияларды пайдалануы
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырмайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы есебін ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг тоқсан сайын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің директорлар кеңесінің қарауына және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шығарған акциялар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шотына жатқызылады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг шығарған акцияларды ұлтттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға береді.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған ақша ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың орналастыратын акцияларын төлеуге түскен, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің атқарушы органы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың атқарушы органы осы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін жауаптылықта болады.
184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қызметін жоспарлау
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1.Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзірленеді.
Іс-шаралар жоспарлары олардың даму жоспарларын іске асыруы мақсатында бес жыл мерзімге әзірленеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары:
1) олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың даму стратегиялары, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауының ережелері ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын түзету үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Іс-шаралар жоспарлары:
1) инвестицияларды, табыстарды, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін қамтиды;
2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарларын ескере отырып әзірленеді.
2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн іс-шаралар жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары жауапты болады.
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.
Акционері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге, орындауға ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.
2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.
185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың қызметін жоспарлау
1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және оларды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауапты болады.
5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тыңдаудың есебін ұсына отырып, жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді
186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлекеттің іске асыруы
Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық қатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдайды.
Осы баптың күші мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ету жағдайларына «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін, коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) жергілікті атқарушы орган белгілейді.
12-1-тарау. 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бөлім. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге құқықтарды шектеу
13-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару
187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібі
1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде мүмкін болады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы негізінде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім, егер осындай ауыртпалық салу немесе иеліктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерді сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.
5. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етілген акцияларды орналастырады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрі мәмілелер жасасу, бір тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын талап етпейді.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектілерге жататын акциялармен мәмілелер жасасу кезінде мәмілелер эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты талап етілмейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
Кепілге салынған мүлікті сот актісінің негізінде иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген иеліктен шығарудың ерекше шарттары және кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және оларды сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) түпкілікті сатып алушыға дейінгі стратегиялық объектіні болжамды сатып алушы туралы мәліметтерді;
8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы тиісті саланың уәкілетті органына осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)