9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес, жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе профилактикалық бақылауды, тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актілерін жарамсыз деп тануы жəне олардың күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жеделден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу
1. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуді анықтау жəне оның жолын кесу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүзеге асырылады.
Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібіне сəйкес жүргізіледі.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілген өнім (тауар) бақылау мақсатында сатып алуға жатады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізеді жəне ол сатып алынған өнімнің (тауардың) тізбесі жəне бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен (бақылау-касса машинасының чегімен немесе тауар чегімен), тауарларға ілеспе жүкқұжатпен жəне өнімді (тауарды) сатып алу актісімен расталады.
Бақылау мақсатында сатып алу барысында сатып алынған өнім (тауар) санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.
4. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері бойынша өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар (олар болған кезде), оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, оның нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
5. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған кезде өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады.
Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз болған кезде тергеп-тексеру жүргізіледі.
6. Осы баптың ережелерін жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібін сақтамау өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау жəне оның нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану жəне олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
7. Техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) тұтынуға жəне өткізуге байланысты ықтимал тəуекелдер туралы халықты хабардар ету үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында сəйкес келмейтін өнімнің (тауардың) тізілімі орналастырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтерді камералдық бақылау жəне мониторингтеу арқылы оларды талдау жəне салыстыру негізінде жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың мақсаттары:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;
2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;
3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсері туралы анық ақпаратты алу;
4) уланулардың туындауы мен инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;
7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;
8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы хабар беру болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өкіліне немесе лауазымды адамына қолын қойғызып табыс етіледі;
3) «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Бақылау мен қадағалау субъектісі осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
7. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнаулы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүргізіледі.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тəсілдері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тəсілдері мыналар болып табылады:
1) камералдық бақылау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі;
3) өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі;
4) хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі;
5) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі;
6) есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі;
7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг.
2. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар əкелетін өнім жəне əкелінетін өнімнің сəйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген кəсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нəтижелері, сəйкестікті растау жөніндегі органдар туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынатын, өнім сəйкестігінің дəлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мəліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мəліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті органның ұсыну тəртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар əкелетін өнім жəне əкелінетін өнімнің сəйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мəліметтерді ұсынады.
Техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген кəсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нəтижелері туралы, сондай-ақ өнім сəйкестігінің дəлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған, сəйкестікті растау жөніндегі органдар туралы мəліметтерді ұсынады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылау нəтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің жəне (немесе) техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталған кезде, оның ішінде əкелінген өнім (тауар) мен əкелінген өнімге (тауарға) сəйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мəліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шаралар қабылдайды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жəне өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген, өнімді (тауарды) Қазақстан Республикасының аумағына əкелумен жəне (немесе) өткізумен айналысатын кəсіпкерлік субъектілеріне қатысты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жібереді, бұл ретте оларды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріледі;
2) сəйкестікті растау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) қатысты - техникалық реттеу саласындағы уəкілетті органға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы фактілері көрсетілген ақпарат оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін жіберіледі;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты - мемлекеттік кірістер органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі:
1) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы берілген ақпаратқа;
2) объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігі туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі шеңберінде объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігі туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
4. Өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі эпидемиялық мəні бар объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нəтижелері туралы жəне тексерулердің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілетін мəліметтерге негізделеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес өндірістік бақылау нəтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімдік есептерді қалыптастырады жəне ұсынады.
Өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
5. Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, тексерулердің жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, тергеп-тексерулердің нəтижелерін талдау негізінде жүргізіледі.
Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне рұқсаттың немесе хабарламаның болмауы анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, əрекеттерге) тыйым салу түрінде жедел ден қою шарасы қолданылады.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін байқаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының əсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.
Талдау, бағалау мен болжау - инфекциялық, инфекциялық емес жəне паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену жəне таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына жағымсыз əсерін жəне осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық жəне экономикалық салдарларды негіздеп бағалау.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде табиғи орта құрамдастарындағы (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі мемлекеттік тіркеуге жататын өнімге қатысты жүргізіледі.
Жарнама мониторингінің объектілері масс-медиа және сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылады.
Жарнама мониторингін жүргізу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ оның Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркелуі туралы мəліметтердің болуын тексеруден тұрады.
Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда:
1) жарнама берушіге жəне (немесе) жарнама таратушыға осы Кодекстің 44-бабына сəйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу түріндегі жеделден қою шарасы қолданылады;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бұзушы туралы ақпарат масс-медиа саласындағы уəкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен жіберіледі.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі олардың уақтылы ұсынылуын жəне (немесе) анықтығын салыстыруды жəне талдауды қамтиды.
9. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын субъектінің (объектінің) қызметі туралы мəліметтерді қамтитын мəліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
45-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер
1. Тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) - 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексерулерді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізеді.
3. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) талап етілуі бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке-дара қорғану құралдарын лауазымды адамға немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға беруді;
2) тергеп-тексеруге қатысты құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша жəне (немесе) ауызша нысанда беруді;
3) объектіге зерттеп-қарау; өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау жүргізу; зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеуді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндік беруді;
4) лауазымды адамдардың, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (тұрғын жəне əкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға жəне басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеру шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау; зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеу жүргізу жүзеге асырылуы мүмкін.