44) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды
44-1) спорттың басым түрлері - спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында спортты дамыту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегілер ретінде айқындалған спорт түрлері;
45) спорт федерациясы - спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
46) спорт федерацияларын аккредиттеу - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рәсімі;
47) спортшы - спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке адам;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) спортшыны дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
49) спортшыны тіркеу - спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, федерация өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін спорттық жарыстарға және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында спорт түрі бойынша спорт федерациясы спортшының спорттың осы түрімен айналысатынын танитын рәсім;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50) студенттік спорт - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
51) студенттік спорт лигасы - мақсаты студенттік спортты кеңінен таратуға жәрдемдесу және спорттың түрін (түрлерін) дамыту, студенттермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын студенттер арасындағы спорттық қозғалыс;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52) Сурдлимпиадалық ойындар - есту органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды
52) Сурдлимпиадалық ойындар – есту органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) сыныптаушы – мүгедектігі бар спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнаулы даярлықтан өткен жеке тұлға;
54) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорт түрлерінің бір бөлiгi;
55) ұлттық спорт түрлерi - жарыспалы әрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар – интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
57) халықаралық спорттық жарыстар - шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Денешынықтыруды және спортты дамытуды мемлекеттік қолдау
1. Денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның жүйесін құру, сондай-ақ тиісті нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету арқылы денешынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттеу;
2) денешынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, олардың Қазақстан Республикасында денешынықтыру-спорт қозғалысын дамытуға ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдарына интеграциялануына қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорт ғимараттарын жобалауға, салуға және пайдалануға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
4) мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жеке тұлғалардың:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға;
4) мемлекеттік және жеке спорт құрылыстары мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
3. Жеке тұлғаларға:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта мінберлерге, футбол, хоккей және өзге де спорт алаңдарына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
4) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;
1-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
1-3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;
1-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
4) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзедi;
5) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;
8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
14) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;
18) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды
18-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлейді;
19) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерін қамтамасыз етеді;
20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
21) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді;
22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
23) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;
24) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;
28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;
31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
32) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда
33) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды - аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;
34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;
36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;
37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
39) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
41) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;
44) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды
44-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
46) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлейді;
47) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)