5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 404-бап жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 404-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)
1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттік органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
405-бап. Шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
Шарттың қолданылу мерзiмi осы Кодекстiң 397-бабының ережелерi бойынша ұзартылады.
Қазақстан Республикасының