3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларына сәйкес куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін сақтауға жол беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін иеленуші - заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады.
2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттік емес жүйелерінде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап жаңа редакцияда
13-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
Шетелдік тіркеу куәлігі бар шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын куәландырса;
2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленсе;
3) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылған болса;
4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген, шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен қалыптастырылса, танылады.
4-тарау. Тіркеу куәлігі
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Тіркеу куәлігін беру
Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту
Куәландырушы орталық:
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес;
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куәлігін беруден бас тартады.
15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны
1. Тіркеу куәлігінде мынадай мәліметтер:
1) тіркеу куәлігінің нөмірі мен оның қолданылу мерзімі;
2) электрондық цифрлық қолтаңбанын иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті;
4) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат;
6) тиісті куәландырушы орталықтың реквизиттері болуға тиіс.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді.
16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі
1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
2. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін куәландырушы орталықтарда сақтау мерзімі -кемінде бес жыл.
3. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық сақтауға түседі.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Егер тіркеу куәлігінің иесі тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне қол жеткізу режимі бұзылады деп санаса, ол куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге құқылы.
2. Тіркеу куәлігінің иесі:
1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге;
2) тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті пайдалануға;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздеріне тиесілі жабық кілтін заңсыз қол жеткізу мен пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кілттерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны тиісті хабарлама негізінде мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің не оның өкілінің талап етуі бойынша;
2) тіркеу куәлігін алған кезде дұрыс емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын беру фактісі анықталған кезде;
3) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болса;
4) тіркеу куәлігі иесінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерсе;
5) тіркеу куәлігінің иесі - заңды тұлғаның атауы ауысса, қайта ұйымдастырылса, таратылса, заңды тұлғаның басшысы ауысса;
6) куәландырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасындағы келісімде көзделген жағдайларда;
7) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кері қайтарып алады.
3. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу кезінде куәландырушы орталық тиісті ақпарат алынған кезден бастап бір күн ішінде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.
19-бап. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Куәландырушы орталық
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi
1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
20-1-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-2-баппен толықтырылды
20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.
2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Арнайы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнайы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) тіркеу куәліктерін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері және (немесе) жабық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті.
3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығы функцияларының жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.
22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Куәландырушы орталық өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметін тоқтатқанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын бұл туралы өздері қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйелеріне қатысушылардың барлығын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс.
23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау
1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады.
2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді.
6-тарау. Қорытынды ережелер
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
25-бап. Дауларды қарау
Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының