5. Сот жюриі комиссияларының шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасай алады.
6. Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі тиісті комиссияларының өздері шығарған шешімнің күшін жоюы және оны қайта қарауы үшін негіз болып табылады.
45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьяның тәртібі мiнсiз болған және ол өз мiндеттерiн адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.
46-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.
48-бап. 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Көшкен кездегi өтемақы
Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 51-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.
3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде оған өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығы беріледі.
52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.
53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету
1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.
2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;
2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру
Судьяның өкілеттіктері оның қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешімі негізінде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы шешім негізінде тоқтатылған кезде, ол:
1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдігінен;
2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.
4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері құрайды.
3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
57-бап. Соттарды қаржыландыру
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс.
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актілері
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 8, 206-құжат; № 11-12, 293-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; 1995 ж., № 23, 140-құжат).
2. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 444-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы» 1994 жылғы 7 ақпандағы № 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 6, 62-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 18, 182-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1995 ж., № 10, 113-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының соттары туралы» 1995 жылғы 20 қазандағы № 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., № 21, 128-құжат; № 22, 134-құжат).
7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; № 11, 156-құжат; № 13-14, 194-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 23, 915-құжат; № 10, 231-құжат).
59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.
4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.
Қазақстан Республикасының