2) маңызды төлем жүйелері бойынша бес жылда бір реттен сиретпей, өзіндік бағалауды жүргізеді.
Операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыру жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операциялық орталығына тапсырылған жағдайда, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін өзіндік бағалауды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы және операциялық орталығы бірлесіп жүргізеді.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың нәтижелерін жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесінің операторы болатын жағдайларды қоспағанда, оны жүргізу аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
9. Төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы ақпаратты көрсететін, төлем жүйесінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың негізгі нәтижелері жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының бағалау аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауына жатады.
3-тарау. КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
10-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер
1. Көрсетілетін төлем қызметтерін мынадай берушілер:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
2) банктер;
3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
4) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторы;
5) төлем ұйымдары;
6) төлем агенттері;
7) қосалқы төлем агенттері ұсынады.
2. Осы Заңның мақсаттары үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем ұйымдары, төлем агенттері және қосалқы төлем агенттері ретінде қаралмайды.
11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні ол мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген кезде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызады:
1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын шығару және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде оларды пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақшаны шығару, өтеу және оларды пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай, электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, әлеуметтік және өзге де төлемдерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
8) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығында көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер ұсынбайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.
3. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші маңыздылар қатарына жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізеді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді және көрсетілген мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
4. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
1) басқару органының құрамын, өкілеттіктерін және жұмыс регламентін;
2) басшылық етуші органның өкілеттіктерін;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші мен мүдделі тұлғалар арасындағы мүдделер қайшылығын шешу тәртібін;
5) клиенттердің көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы тұрғысындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесі:
1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу, тәуекелдер мониторингі және оларды басқару рәсімдерін;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рәсімдерін және оның қызметін қалпына келтіру жоспарын айқындайды.
6. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтерді ұсынады;
2) көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді және жүргізілген бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері
1. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері:
1) банктік шотты пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) банктік шоттарға, оның ішінде үшінші тұлғалардың банктік шоттарына есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) банктік шотты ашпай ақша аударуды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) электрондық ақшаны шығару және өтеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
6) төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
8) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
9) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Көрсетілетін төлем қызметтеріне:
1) төлеушінің көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын міндеттемелері бар тұлғаға (тұлғаларға) төлемді жүзеге асыратын тұлғаның (төлеушінің) қолма-қол ақша беруі бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) қайырымдылық немесе коммерциялық емес қызмет мақсатында ақша жинау және беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) банктік шотты ашпай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға технологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, оның ішінде деректерді өңдеуге және сақтауға, көрсетілетін төлем қызметтерін алушыларды аутентификаттауға, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде пайдаланылатын электрондық терминалдар мен жабдықтарды пайдалануға беруге және технологиялық қолдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
6) электрондық төлем құралдарының эмитенті ұсынатын не оның үй-жайларында ұсынылатын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған немесе тауардың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің осы түрін берушімен (берушілермен) жасалған шарт негізінде сатып алуға арналған электрондық төлем құралдарын шығаруға және пайдалануға байланысты көрсетілетін қызметтер;
7) бенефициар дара кәсіпкер, заңды тұлға және көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы соңғысының үшінші тұлғалардың қатысуынсыз төлеушілерден қабылданған төлемдер бойынша бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруы кезінде ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер жатпайды.
13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясынсыз немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеусіз Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар төлем агенттерінің және қосалқы төлем агенттерінің, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметіне қолданылмайды.
2. Көрсетілетін төлем қызметтерін:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді - банктер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге және аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясынсыз қызметін жүзеге асыратын банктер;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді - осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде ұсынады. Бұл ретте:
осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде;
осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін - Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ онда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсынады;
3) пошта операторы осы баптың 12-тармағында белгіленген шарттарды сақтай отырып, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.
Пошталық ақша аударымдары бойынша қызметтер көрсету тәртібі «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;
4) төлем ұйымы есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) - 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін;
5) төлем агенті және қосалқы төлем агенті банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және төлем ұйымдары үшін рұқсат етілген көрсетілетін төлем қызметінің түрлері шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Төлем ұйымы банкпен немесе төлем агентімен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде банктің төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Төлем ұйымы қызметтерді берушімен жасалған шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.
Банкпен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде төлем ұйымының клиенттің банктік шотын ашпай бюджетке төлемдер қабылдау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуына жол беріледі.
Шарттарда ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан қызмет берушінің банктік шотына есепке жатқызу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ төлем ұйымына көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін сыйақы беру тәртібі және төлем ұйымын көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға тарту шарттары көзделуге тиіс.
4. Көрсетілетін төлем қызметі клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі, онда мынадай елеулі талаптар болуға тиіс:
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері және жалпы сипаттамасы;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың тәртібі және ең ұзақ мерзімі;
3) алынатын алымдар мен комиссиялардың мөлшері немесе осы ақпарат қамтылған интернет-ресурсты көрсету және оларды алу тәртібі;
4) көрсетілетін төлем қызметі туралы ақпарат ұсыну тәртібі;
5) рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі;
6) көрсетілетін төлем қызметін шетел валютасымен көрсету кезінде қолданылатын айырбастау бағамын айқындау тәртібі;
7) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметін ұсынудан бас тарту құқығы сақталатын шарттар;
8) рұқсат етілмеген көрсетілетін төлем қызметтері жөніндегі мәселелерді реттеу тәртібі;
9) клиенттің шартты бұзуға құқығы;
10) наразылықтар білдіру және даулы жағдайларды шешу тәртібі;
11) нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартқаны және тиісінше орындамағаны үшін залалды өтеу бойынша төлемнің тәртібі мен мөлшері.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде қажетті қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші осы баптың 4-тармағында көзделген шарт талаптарын клиент үшін оларды жақсарту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентті өздері арасындағы шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде комиссиялардың өзгергені туралы хабардар ететін халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде алынатын комиссияларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтері бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мен клиент арасында шарт жасау күніне белгіленген комиссияны ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы біржолғы тәртіппен көрсетілетін төлем қызметі бойынша клиентті көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғанға дейін шарттың осы баптың 4-тармағында көзделген елеулі талаптарымен қазақ немесе орыс тілдерінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
6. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғанға дейін клиентке ұсынылатын көрсетілетін төлем қызметі бойынша көрсетілетін төлем қызметін беруші алатын ақшалай мәндегі комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
7. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші тек клиент нұсқауының шарттары негізінде және соған сәйкес көрсетілетін төлем қызметін ұсынады.
Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің клиент нұсқауының шарттары мен деректемелерін өзгертуіне тыйым салынады.
8-тармақ 2017 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8. Көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін клиент өзінің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің де, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің де қашықтан қол жеткізу жүйесін пайдалануға құқылы.
9-тармақ 2017 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
9. Клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіден көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу құқықтарын іске асыру мақсатында клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес клиенттің банктік шотына және ақпаратына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың талабы клиенттердің банктік шоттарына қызмет көрсететін және интернет-ресурс арқылы электрондық банк қызметтерін ұсынбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қолданылмайды.
10-тармақ 2017 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
10. Клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің бұйрығы бойынша және оның сәйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға клиенттің банктік шотының бар-жоғы, нөмірі және банктік шоты бойынша операциялар туралы ақпаратты беруге тиіс.
11. Комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы алу талабы бенефициар және бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан алуға тыйым салынады. Бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бенефициарды қабылданған төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы және одан жүргізілген шегерімдер туралы хабардар етеді.
12. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес клиентке тиісінше тексеру мен сәйкестендіруді жүргізу;
2) төлем ұйымының осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 7)тармақшаларында көзделген қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, ақша жөнелтуші және бенефициар бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген деректемелердің төлем және (немесе) ақша аударымы туралы төлем құжатында болуы және оларды төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға беру;
3) ақша жөнелтушіні және (немесе) бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғаннан не клиенттің банктік шоты жабылғаннан кейін бес жыл бойы сақтау;
4) клиенттің сәйкестендіру құралдарының үшінші тұлғалардың қол жеткізуінен сақталуы.
13. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаннан кейін (төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін төлем қызметін қоспағанда) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын құжатты қағаз жеткізгіште не телекоммуникация желілері арқылы ұсынады.
Көрсетілетін төлем қызметін ұсынуды растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
14. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға ашуға жол бермейді.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімімен дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.
15. Төлем ұйымына қызметтің мына түрлерін:
1) жылжымайтын мүлікті сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;
2) жарнамалық, маркетингтік, консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді;
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, бейімдеуді, түрлендіруді, техникалық қолдауды;
4) электрондық терминалдарды, ақпарат өңдеуге және беруге арналған басқа құрылғылар мен жабдықтарды сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;
5) есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қызметті, оның ішінде ақпараттық-техникалық көрсетілетін қызметтерді, деректерді өңдеу мен беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, дерекқорлар мен ақпараттық ресурстарды құруды және пайдалануды;
6) логистика және курьерлік қызмет саласындағы агенттік және делдалдық қызметті орындауды қоса алғанда, осы салалардағы көрсетілетін қызметтерді;
7) ақпараттық жүйелер мен желілерді құруды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
8) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу мен іске асыруды;
9) электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растау бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
16. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші үшінші тұлғалармен аутсорсинг туралы шарт жасасуға құқылы.
Аутсорсинг кезінде көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін аутсорсинг туралы шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
17. Аутсорсингке:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу тәуекелі туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі жасаған;
2) егер үшінші тұлға көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарға сай болмаған;