лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адамдардың денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан дәл сол бұзушылықтар -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
633-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай, автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты және жерүстi құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне кәріздік, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамдарға жеңiл дене зақымдарын келтіре отырып, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
635-бап. Магистральдық құбыржолдарын қорғау қағидаларын бұзу
Магистральдық құбыр жолдарын қорғау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
31-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
636-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу
1. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
шеткі құрылғылар (жабдық) тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Шеткі құрылғылар (жабдық) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы, абоненттер жiберген ақпаратты байланыс арналары арқылы беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы сигналдарын қалыптастырудың техникалық құралдары (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң шеткі құрылғылары, кәбілдiк теледидар жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;
2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу;
3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;
4) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтерді тегін жалғау нөмірлерімен байланысты өшіру және (немесе) шектеу;
5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) байланыс операторларының өз желілерінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын таңдау бойынша абоненттердің құқығын шектеуі;
7) көрсетілетін зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде абоненттерді жалғанымның құны туралы хабардар етпеу;
8) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) және 9-6) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу;
9-2) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бұзу;
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы -
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау -
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 13-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама және басқа да қызметтермен байланысудың мүмкін болмауына әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы әрекеті (әрекетсіздігі) түсініледі.
638-бап. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсінде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiкті құрылғыларды, пошта байланысының техникалық құралдарын пайдалану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
ескерту жасауға немесе сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 639-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 640-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту -
лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 641-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған немесе мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатынсыз өнеркәсіптік пайдалану;
4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау;
5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
32-тарау. Әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне - он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.