459-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін Комиссия жүргізеді.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі.
Басқа құқық иеленушілермен уағдаластық бойынша зияткерлік меншіктің ұқсас объектілерінің құқық иеленушісінің бірі бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлға ретінде әрекет етуі мүмкін.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуі мүмкін зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары жатады.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге де әрекеттер жасалған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының бұзылуы орын алуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы бапта - өтініш) беруге құқылы.
5. Комиссияға өтініш зияткерлік меншік объектілерінің бір түрі бойынша беріледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрақты өкілдігі жоқ құқық иеленушінің атынан өтініш Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тұрақты тұратын жері бар (тіркелген) тұлғалар арқылы берілуі мүмкін.
6. Өтінішке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының болуын растайтын құжаттар (куәліктер, шарттар, оның ішінде құқықтарды беру туралы және лицензиялық шарттар, құқық иеленуші не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай мемлекеттің заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар), сондай-ақ өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішке құқық иеленушінің не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның пікірі бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының бұзылу фактісін растауы мүмкін тауарлардың үлгілері қоса берілуі мүмкін.
7. Егер өтінішті құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға берсе, өтінішке құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мұндай тұлғаға берген сенімхаты (сенімхаттары) да қоса беріледі. Сенімхат (сенімхаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында қолданылуға тиіс.
Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқықтар әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, өтінішке әрбір құқық иеленушіден сенімхаттар қоса берілуге тиіс.
8. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар орыс тілінде немесе өзге тілде ұсынылады. Құжаттар өзге тілде ұсынылған жағдайда, өтінішке олардың орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
9. Өтінiшпен бiр мезгілде құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) тауарлардың шығарылуының тоқтатыла тұруына байланысты декларантқа, меншік иесіне, тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілуі мүмкін мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі ұсынылады.
Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқықтар әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, әрбір құқық иеленушінің мүліктік зиянын өтеу туралы міндеттемесі берілуге тиіс.
10. Комиссия өтінішті ресімдеуге және қарауға, ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың құрамына қойылатын талаптарды, өтінішті қарау мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ осындай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу, одан мұндай объектілерді алып тастау, оған өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғаудың белгіленген мерзімін ұзарту тәртібін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу кезінде кеден органдары мен Комиссияның өзара іс-қимыл жасау және осындай тізілімді жүргізу тәртібін қамтитын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламентін (бұдан әрі осы бапта - регламент) айқындайды.
11. Құқық иеленуші осы баптың 9-тармағында көзделген міндеттемені орындау кепілдігі мақсатында оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерін енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде Комиссияға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекетте заңдық күші бар, тауарлардың шығарылуының тоқтатыла тұруына байланысты тұлғаларға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шартын (шарттарын) немесе көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын өзге де шартты (шарттарды) ұсынуға міндетті.
Бұл ретте сақтандыру сомасы немесе міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы жауапкершілікті сақтандыру шарты (шарттары) немесе өзге де шарт (шарттар) жасалған не осындай шарттарға өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша кемінде он мың еуроға балама соманы құрауға тиіс.
Кеден органдарында құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіруге тиісті түрде ресімделген сенімхат (сенімхаттар) не мұндай өкілеттіктерді растайтын өзге де құжат болған кезде осы баптың 9-тармағында көрсетілген міндеттемені және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға ресімдеп, ұсынуы мүмкін.
12. Осы баптың 11-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарт (шарттар) ұсынылмаған жағдайда зияткерлік меншік объектілері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуге жатпайды, бұл туралы өтініш иесі регламентте көзделген тәртіппен және мерзімдерде хабардар етіледі.
13. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерінің енгізілгені үшін төлемақы алынбайды.
14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ресми сайтында және Интернет желісінде орналастырылады.
460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі
1. Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін (бұдан әрі осы тарауда - кедендік тізілім) жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.
2. Кедендік тізілім нысанын және оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
461-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу тәртібі
1. Уәкілетті орган авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын (бұдан әрі - зияткерлік меншік объектілері) кедендік тізілімге енгізуді құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтары бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау туралы өтінішті уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға құқылы.
3. Өтініште мынадай мәліметтер:
1) құқық иеленуші туралы, ал егер өтінішті құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға берген жағдайда, сондай-ақ осындай тұлға туралы мәліметтер;
2) тиісті зияткерлік меншік объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқықтарын қорғауда кеден органдарының жәрдемдесуі қажет болатын мерзім туралы, оның ішінде электрондық түрде ақпарат, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты белгі деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн, құқық иеленушінің тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтері;
3) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) құқық иеленуші зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға келісім берген адамдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Электрондық түрдегі өтінішке:
зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік немесе құқық беру туралы, оның ішінде лицензиялық шарт не Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме немесе халықаралық тіркеу бойынша тауар белгісінің құқықтық мәртебесі туралы анықтама (үзінді көшірме) немесе құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар);
құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат;
зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің бейнелері;
зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін, оларға қатысты олардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған болып табылатын тауарлар деген болжам жасалған - егер тауарлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылмайтыны анықталса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның декларантқа және өзге тұлғаларға мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі;
сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі.
Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.
5. Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың үлгілерін де өтінішке қоса беруге құқылы.
6. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қарайды және зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттар мен мәлiметтердiң анықтығын тексеру мақсатында үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдарынан құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi растайтын құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi сұратуға құқылы. Аталған тұлғалар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзі сұратқан құжаттарды ұсынуға мiндетті.
Көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартады, бірақ жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешімі құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған кезде, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің сипаттамалары мен бейнелері ұсынылмаған кезде қабылданады.
Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті органның тиісті шешімі туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етіледі.
8. Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімге енгізілгеннен кейін, бұрын берілген өтініште не оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгертілген жағдайларда құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға бұл туралы уәкілетті органға мәліметтер өзгертілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға ұсынған ақпараттың негізінде уәкілетті орган өзгертілген мәліметтерді кедендік тізілімге кейіннен құқық иеленушіге немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаға енгізілген өзгерістер туралы хабарламаны жазбаша немесе электрондық нысанда жібере отырып енгізеді.
462-бап. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту тәртібі
1. Кедендік тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі (бұдан әрі - қорғау мерзімі) осы Кодекстің 461-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттардың және қорғау мерзімін ұзарту туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданылу мерзімдері ескеріле отырып, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші негізінде ұзартылады.
Қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініш бұрын уәкілетті орган белгілеген қорғау мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын берілуге тиіс.
2. Құқық иеленуші немесе оның мүдделерін білдіретін өзге тұлға тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқық иеленушінің құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуын растайтын құжатты ұсынбай, қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде қорғау мерзімі тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқықтар тоқтатылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады және тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқық иеленушінің құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуды растайтын құжат кейіннен ұсынылған кезде ұзартылады.
3. Қорғау мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді уәкілетті орган кедендік тізілімге кейіннен құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін білдіретін өзге тұлғаға қорғау мерзімін ұзарту туралы хабарламаны жазбаша немесе электрондық нысанда жібере отырып енгізеді.
463-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімінен алып тастау үшін негіздер және осындай алып тастау туралы хабарлама
1. Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімінен:
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) 464-баптың 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, қорғау мерзімінің аяқталуы бойынша;
3) құқықтарды қорғауды тоқтата тұру мерзімінің аяқталуы бойынша және құқық иеленушінің тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуды растайтын құжат (халықаралық куәлік) ұсынылмаған кезде;
4) уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы өтінішті беру кезінде ұсынылған анық емес мәліметтерді анықтаған кезде;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тиісті зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қолданысы тоқтатылған кезде алып тасталуы мүмкін.
Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қолданысы тоқтатылған жағдайда, құқық иеленуші немесе оның өкілі бұл туралы уәкілетті органды күнтізбелік бес күн ішінде электрондық нысанда хабардар етуге міндетті;
6) құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға осы тараудың ережелерін сақтамаған кезде алып тасталуы мүмкін.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уәкілетті органның зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімі кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей құқық иеленушіні немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
464-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі
1. Кеден органдары қорғау мерзімін зияткерлік меншік объектілері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне не кедендік тізілімге енгізілген кезде, құқық иеленуші өтінішінде көрсеткен мерзімді, сондай-ақ өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданылу мерзімдерін ескере отырып белгілейді, бірақ ол осындай тізілімдерге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде шектеусіз бірнеше рет, бірақ әрбір ретте осы тарауда көзделген талаптар сақталған жағдайда, екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
3. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізу кезінде белгіленетін кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын қорғау мерзімі, осы мерзім бұрын өтіп кететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекетте зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғау мерзімінен аспауға тиіс.
54-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ТАҒАЙЫНДАЙТЫН КЕДЕНДІК САРАПТАМА
465-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
1) кедендік сараптама - кедендік сарапшылар (сарапшылар)кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізетін зерттеулер мен сынақтар;
2) кедендік сарапшы - кедендік сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген және қажетті арнайы және (немесе) ғылыми білімдері бар кеден органының лауазымды адамы;
3) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - жүргізілген зерттеулердің және (немесе) сынақтардың нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түріндегі кедендік сараптаманың түйіндерін қамтитын кедендік құжат;
4) сынама - іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен жүргізілетін, ұсынылатын және зерттелетін тауардың бүкіл көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың бір бөлігі;
5) уәкілетті кеден органы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген мамандандырылған мемлекеттік мекеме (оның аумақтық бөлімшелері);
6) үлгі - тауардың бүкіл партиясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін жалғыз дара объект (тауар - тауар партиясы болмаған кезде).
466-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу
1. Кеден органы кедендік сараптаманы, егер кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдер талап етілетін жағдайда тағайындайды.
2. Кедендік сараптаманы уәкілетті кеден органы жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге уәкілетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) өз бетінше тартады.
Уәкілетті кеден органы өзге уәкiлетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) тартуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, кедендік сараптама уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге уәкiлетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындалуы мүмкін.
3. Кедендік сараптама тауарларға, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады.
4. Уәкілетті кеден органы тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік, химиялық және жүргізілуіне қажеттілік туындайтын сараптаманың өзге де түрлерін жүргізеді.
5. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптамалар тағайындалады.
Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді.
Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылар (сарапшылар) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылар (сарапшылар) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.