222) әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік жете тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін алу арқылы карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
223) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
224) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты жете тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
225) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
226) анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
227) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
228) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
229) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді;
230) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
231) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
232) өсімдіктер карантині саласындағы заттай нормаларды әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
233) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін айқындайды;
234) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
235) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
236) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
237) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлейді және бекітеді;
238) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
239) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия береді;
240) мынадай:
пестицидтер өндіру (формуляциялау);
пестицидтер өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
241) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
242) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тіркеу куәліктерін береді;
243) пестицидтер тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
244) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
245) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
246) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
247) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестіреді;
248) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзеді, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасайды;
249) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
250) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
251) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
252) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастырады және үйлестіреді, жүзеге асырады;
253) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
254) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
255) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілейді;
256) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
257) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
258) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
259) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындайды;
260) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
261) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
262) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін қорытады және оны жетілдіреді;
263) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
264) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
265) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
266) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
267) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
268) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
269) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
270) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
271) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
272) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;
273) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
274) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
275) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлейді және бекітеді;
276) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлейді және бекiтеді;
277) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
278) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
279) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
280) Қазақстан Республикасының табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
281) жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
282) жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
283) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
284) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
285) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
286) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлейді және бекітеді;
287) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
288) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
289) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
290) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
291) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
292) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
293) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
294) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініш, келісуші органдардың қорытындысы, жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жоспар нысандарын бекітеді;
295) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
296) жер мониторингін жүргiзудi ұйымдастырады;
297) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды;
298) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
299) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
300) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
301) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
302) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
303) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
304) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
305) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
306) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекітеді;
307) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
308) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекітеді;
309) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
310) жер комиссиясының отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
311) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
312) ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің шығасыларын өтеу нормативтерiн белгiлейдi;
313) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
314) Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
315) жерге мониторинг жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды;
316) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
317) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
318) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
319) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
320) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
321) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
322) асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
323) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
324) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
325) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
326) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
327) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
328) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
329) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
330) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
331) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
332) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
333) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекiтедi;
334) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
335) мыналарды:
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативтерін;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
336) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
337) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
338) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
339) берілген өкілеттіктер шегінде балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
340) бал араларды қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
341) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
342) Қазақстан Республикасында балараларды тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
343) жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
344) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
345) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын әзірлейді және бекітеді;
346) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
347) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;
348) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
349) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
350) органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
351) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
352) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
354) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын жетілдіреді;
355) уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
356) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізеді;
357) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;
358) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
359) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;
360) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;
361) тиісті зертханалық практика саласында нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);
362) сәйкестігі міндетті растауға жататын өнім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
363) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімдерінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау бойынша жұмысқа қатысады;
364) нормативтік техникалық құжаттар техникалық регламенттер талаптарын іске асыру үшін қолданылған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
365) техникалық реттеу саласындағы қызметті жетілдіру, перспективалық бағыттарды дамыту, техникалық регламенттерді қолдануға, мемлекеттік саясат пен мақсаттарға сәйкестігіне талдау жүргізуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін сарапшылық кеңестер құрады;
366) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекітеді;
367) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуының және қызметінің тәжірибесін, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде және іске асыруда ақпараттық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады;
368) мыналар:
ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне қатысты қолайлы салықтық, қаржы-кредиттік, инвестициялық саясатты құру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
369) ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі;
370) ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
371) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
372) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;
373) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;