11-тармақтың екінші бөлігі «банктік шоттар бойынша,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотқа, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа қойылған жағдайларда;».
2-бап. Осы Заңның 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 9-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 12-і.
№ 114-VI