66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 67-тармақ жаңа редакцияда
67. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жобалар бойынша, сондай-ақ Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапармен болған жағдайда) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.
Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.25.03. № 136 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 149 Қаулысымен 70-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
70. Үкімет отырысында қабылданған қаулы жобалары Премьер-Министрдің қол қоюына жіберіледі.
Елтаңбалық бланкідегі электрондық және қағаз құжат нысанындағы Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр электрондық келісу нәтижелері болған жағдайда қол қояды.
«ҚБП» белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің қағаз даналарына Премьер-Министр БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлерінің, жауапты бөлім және бірлесіп орындаушы бөлімдер, Заң бөлімі меңгерушілерінің, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгілері болған жағдайда қол қояды.
Премьер-Министр болмаған кезде Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын адам немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам қол қоя алады.
Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы - 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері - 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.
70-1. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70-2. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.8-бөлім. Үкімет қаулыларын (Премьер-Министр өкімдерін) тіркеу және есепке алу
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 72-тармақ өзгертілді
72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы «ө» әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және»«қпү» кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес»«аса м» -» «аса маңызды», «өқ» -» «өте құпия», «қ» - «құпия» кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ерекше жағдайларда Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының нұсқауымен қаулыларға (өкімдерге) тиісті құрылымдық бөлімшенің жазбаша өтініші негізінде құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен берілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 72-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 72-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 74-тармақ өзгертілді
74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) не ПМК құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің расталған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Техникалық қателер анықталған кезде құпия емес Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) жазбаша өтініші (сұрау салуы) және/немесе ПМК жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметтік жазбахаты негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды қағаз жеткізгіштерде алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» («Взамен ранее разосланного») мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қайта жіберіледі. Түзетілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанындағы қаулылар (өкімдер) мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.
Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Баспасөз қызметімен келісіледі.
Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 75-1-тармақпен толықтырылды
75-1. Мемлекеттік органдардың ведомстволық актілерін және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын қабылдауға байланысты, тиісті заңнамалық актіні іске асыру үшін әзірленген тапсырмаларды бақылаудан алу Кеңсеге Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы ақпарат түскеннен кейін жүзеге асырылады.
76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бөлім. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.
Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министрдің Кеңсесіне бірінші басшының ілеспе хатымен енгізіледі.
Кеңсеге енгізілетін Президент актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы міндетті түрде қағаз және электрондық түрде келіседі, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электрондық түрде келіседі.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасьі мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын берілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобаларында мыналар қамтылуға тиіс:
1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі;
2) Премьер-Министр бұрыштама қойған тиісті бланкідегі қағаз және электрондық түрдегі Президент актісінің жобасы.
Егер жоба екі және одан да көп парақтан тұратын болса, жобаның бірінші парағын қоспағанда, Президент актісінің жобасы мен оған қосымшалардың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектейді.
Кеңседе пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген, әзірлеуші органның бірінші басшысының бұрыштамасы бар Президент актісінің жобасын қоса беруге рұқсат беріледі.
Кеңседе пысықталған Президент актісінің жобасына Премьер-Министр қолбелгі қояды;
3) егер Президент актісінің жобасы жобада салалық мүдделері тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;
4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болса, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтілетін салдарының болжамы, осы мәселе бойынша Президенттің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат жазылады.
Үкімет енгізетін Президент актісінің жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;
5) егер актінің жобасы Президенттің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздесе, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы әр парағын дәйектеген және қол қойған, № 14 қаріп өлшемімен бір жоларалық интервалмен ресімделген, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Президент актісінің қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі;
6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген электрондық келісу парағы;
7) Президент актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей құзыреті болған жағдайда, олар дәйектеген, қабылдануы Президент актісінің енгізілетін жобасын іске асыру үшін қажет нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;
8) қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ресімделген актінің жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның бұрыштамасы болған жағдайда оған міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;
9) өзге де қажетті материалдар.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Президент актілерінің жобалары қағаз түрінде келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 79-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 79-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79-1. Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныс жібереді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. Үкіметтің заң шығару қызметі
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.1-бөлім. Заң шығару қызметін жоспарлау
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80. Үкіметтің заң шығару қызметі Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарына және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 80-1-тармақпен толықтырылды
80-1. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламенттің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және олардың шеңберінде Парламент сессиялары бойынша заңнамалық актілердің жобаларын (Парламенттің және оның палаталарының қаулыларын қоспағанда) дайындау болжанатын заңнама салаларын (аясын) көрсетеді.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламент палаталары мен Үкіметтің топтастырылған ұсыныстарының негізінде жасалады.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Әділет министрлігі әзірлейді, оны Үкімет Парламент палаталарының төрағаларымен келісу үшін енгізеді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Үкімет бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ жаңа редакцияда
81. Алдағы жылға арналған жоспарды қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауы, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Заң шығармашылығы жұмысының тұжырымдамалық жоспары, Үкімет бекітетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі графиктердің жоспарлары, Премьер-Министр мен Үкіметтің шешімдері, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері ескеріліп жүзеге асырылады.
Жыл сайын мамырда Үкімет Президент Жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне жібереді.
Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жөніндегі жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Үкіметке ағымдағы жылдың сәуір айында ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді
82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар Әділет министрлігіне ұсынатын заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде Әділет министрлігі қалыптастырады. Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамаларын Ведомствоаралық комиссия жыл сайын 1 тамызға дейін мақұлдауға тиіс.
Жоспардың жобасы:
нормативтік құқықтық актінің деңгейін, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін атауын;
дайындау мерзімін;
жобаны әзірлеуге жауапты органның және ұйымның атауын қамтуға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, заң жобасын Парламентке енгізу мерзімі оны Үкіметке енгізудің белгіленген мерзімінен екі айдан кем болмауға тиіс.
Қалыптастырылған Жоспардың жобасы жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынылады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса береді.
Жоспар жобасы Мемлекет басшысына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметі басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен келісу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын қосу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.
Қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосуға және Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімдерін ауыстыруға:
1) Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;
2) Үкімет басшылығының тапсырмалары негіз болып табылады.
Қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастауға: