93-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.
2. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берiлген сома толық өндiрiп алынғанға дейiн ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиiс екендiгi көрсетiледi және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесімен бірге оны орындау үшiн борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушiге жiбередi.
3. Сот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндiрiп алушыға уақытында жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушi бұл жөнiнде сот орындаушысына үш күн мерзімде хабарлама жiберуге міндетті.
94-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерiн есептеу
Ұстап қалу мөлшерi борышкердiң алуға тиесiлi жалақы (табыс) сомасынан есептеледi.
95-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерi
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген кезден бастап шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылады
Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алу
1. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргiзiлген ұстап қалу сомасы есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргiзiлуге тиiс.
2. Емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерінде емделiп жатқан, маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Сотталушы негiзгi жаза түрiнде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкiм шығарған сотқа төленбеген айыппұл сомасын Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жiберуге құқылы.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 97-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97-бап. Әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыға өндіріп алуды қолдану
Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде төленетiн әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыларға, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыларға өндiрiп алуды қолдану төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сот шешiмi бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-бап. Өндiрiп алуға болмайтын ақша сомасы
Мыналардан:
1) жарақат алудан немесе денсаулығын өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу үшiн борышкер алған сомалардан;
2) асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;
3) мүгедек балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;
4) адамдарға қызметтiк мiндеттерiн орындау кезеңiнде мертiккен (жарақаттанған, зақымданған, контузия алған) кезде оларға төленетiн және олардың қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты отбасы мүшелерiне төленетiн сақтандыру сомалары мен біржолғы жәрдемақылардан;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының, өзі шығарған исламдық жалдау сертификаттары бойынша бөлінген активтерді жалға беруден және сатудан алған ақшасынан (осы исламдық жалдау сертификаттарынан туындайтын талаптар бойынша болатын реттерден басқа);
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен I топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақылардан;
6) жарақат алудан не денсаулығын өзгедей зақымдаудан залал келтiрiлген жағдайларда жәбірленушiлердiң қосымша тағамына, санаторий-курорттық емдеу мен протездеуге және оларды күтiп-бағу жөніндегі шығыстарға төленетiн сомалардан;
7) зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа төленетiн өтемақылардан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде экологиялық апаттан немесе радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарға төленетiн ақша сомаларынан;
8) төлем көзiне қарамастан, біржолғы сипаттағы материалдық көмектен;
9) жерлеуге берiлген жәрдемақыдан;
10) арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан;
11) жүкті болуы мен бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланы бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден;
12) кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) зейнетақы активтерінен;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен өндіріп алуға болмайды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) тұрғын үй төлемдерінен;
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшадан;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшадан өндіріп алуға болмайды.
Осы баптың бірінші бөлігі 19-1) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.
2-параграф. Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктері
99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртібі
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.
2. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.
4. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
100-бап. Борышкердiң жұмыс орны мен табысы туралы мәлiметтер
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын адамдар сот орындаушысы тағайындаған мерзiмде борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргiзiлгендiгi және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгендiгi туралы, борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жерi туралы дәйекті мәлiметтер беруге мiндеттi. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
101-бап. Алимент төлемдері бойынша берешектi өндiрiп алу тәртібі
1. Барлық алимент төлемдері бойынша берешекті өндiрiп алу алимент төлеушiнiң жалақысынан және басқа да табыстарынан жүргізіледі.
2. Сот орындаушысының берешектi айқындау туралы қаулысына заңда белгiленген тәртiппен шағым жасалуы немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 102-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау
Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.»;
103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алу
Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алименттерді өндіріп алу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттармен айқындалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 103-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
103-1-бап. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі
1. Жеке сот орындаушылары істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектісі ретінде жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетеді.
2. Жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын Республикалық палата қамтамасыз етеді.
3. Аумақтық орган жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей жеке сот орындаушыларымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасайды.
Уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып әзірлейтін және бекітетін келісім нысаны жеке сот орындаушыларының міндеттерін және атқарушылық округ шегінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халықты заң қызметтерімен толық қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қамтуға тиіс.
4. Жеке сот орындаушылары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп береді. Есеп нысанын уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып бекітеді.
5. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жыл сайын, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей аумақтық органына жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есепті Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша береді.
6. Қажет болған жағдайда аумақтық органдар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасынан жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындауы туралы қосымша ақпарат сұратып алуға құқылы.
10-тарау. МҮЛІКТІК ЕМЕС СИПАТТАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ
104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдары
1. Борышкердi тек өзi ғана жасай алатын әрекеттi жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн атқарушылық құжатты орындау кезiнде сот орындаушысы борышкерге мерзiм белгiлей отырып, осындай әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi.
2. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.
3. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда және егер борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау үшін борышкердің қатысуы міндетті болмаса және бұл әрекеттерді өндіріп алушы жасай алатын болса, сот орындаушысы осы Заңмен өзіне берілген құқықтарға сәйкес өндіріп алушының атқарушылық құжатты орындауын ұйымдастырады.
105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары
1. Ұйымның басшысы (жұмыс берушi) жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда сот орындаушысы қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкердi жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейiнгi бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы, сондай-ақ ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы қаулы шығару жөнiндегі ұсыныспен сотқа жүгінеді.
2. Жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiмнiң орындалуы жұмыс беруші жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз актісінің күшін жою туралы акт шығарғаннан кейiн жұмыстан заңсыз босатылған немесе ауыстырылған қызметкер бұрынғы мiндеттерiн атқаруға iс жүзiнде кіріскен сәттен бастап аяқталған болып есептеледi.
106-бап. Борышкердi үйден шығару туралы атқарушылық құжатты орындау
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердi тұрғынжайдан шығару туралы атқарушылық құжат сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, тұрғынжайдан шығару - куәгерлердiң, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен, ал кәмелетке толмаған балалары бар меншік иесін, сондай-ақ оның қорғаншылығында немесе қамқоршылығында кәмелетке толмағандар бар меншік иесін тұрғынжайдан шығарған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен мәжбүрлеп жүзеге асырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды. Борышкер болмаған кезде атқарушылық іс-әрекеттер аудио-, фото-, бейнетіркеу колданыла отырып жүргізіледі.
Үйден шығару атқарушылық құжатта көрсетiлген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүлiктерiнен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.
3. Үйден шығаруды жүргізу кезiнде босатылатын үй-жайдан шығарылатын мүлiктiң тiзiмдемесi жасалады және қажет болған жағдайларда шыққан шығыс борышкерге жүктелiп, оны сақтау қамтамасыз етiледi. Борышкердiң мүлкiн сақтау екі айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады, ол аяқталған соң аталған мүлiк осы Заңда белгiленген тәртiппен сатылады.
4. Борышкердің мүлкін сатудан түскен және атқару санкциясын орындау жөніндегі шығыстар өтелгеннен және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленгеннен кейін қалған ақша борышкерге қайтарылады. Борышкер талап етпеген ақша аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотында сақталады. Үш жыл өткеннен кейін аталған ақша республикалық бюджетке аударылады.
5. Мүлік сатылмаған жағдайда ол куәгерлердің қатысуымен жойылуға жатады. Сот орындаушысы мүлікті жою туралы акт толтырып, оған өзі және куәгерлер қол қояды. Мемлекеттік сот орындаушысы жасаған актіні аумақтық орган басшысы бекітуге тиіс.
107-бап. Өндiрiп алушыны қоныстандыру туралы атқарушылық құжатты орындау
1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыны атқарушылық құжатта көрсетiлген үй-жайға қоныстандыруды қамтамасыз етедi.
Сот орындаушысы өндiрiп алушыны және борышкердi қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етедi. Қоныстандыру уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқарушылық құжаттың орындалуына кедергi болып табылмайды.
2. Өндiрiп алушыны қоныстандыру актiмен ресiмделедi және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-тарау. ӨНДIРIП АЛЫНҒАН АҚША СОМАЛАРЫН БӨЛУ
108-бап. Өндiрiп алынған ақша сомасын бөлу
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан соң орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
Жеке сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар бойынша сомалар өтеледі, содан соң жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар және орындау жөніндегі, оның ішінде осы Заңның 9-бабының 10) тармақшасында көзделген атқарушылық құжат бойынша шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
Барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.
2. Борышкерден өндiрiп алынған және өндiрiп алушыларға берiлуге тиiс сомаларды сот орындаушысы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына есептейді, содан кейiн олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен беріледi немесе аударылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
109-бап. Өндіріп алуға қосу
Бір борышкерге қатысты қозғалған бірнеше атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ ортақ өндіріп алу бойынша бірнеше борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысы өндіріп алуға қосуы мүмкін.
110-бап. Өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
1. Атқарушылық құжаттар бойынша барлық талаптарды қанағаттандыру үшiн борышкерден өндiрiп алынған сома жеткiлiксiз болған жағдайда бұл сома өндiрiп алушылар арасында осы Заңда белгiленген кезектілік тәртібімен бөлiнедi.
2. Әрбір келесi кезектiң талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық өтелгеннен кейiн қанағаттандырылады. Өндiрiп алынған сома бір кезектiң барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда бұл талаптар әрбір өндiрiп алушыға тиесiлi сомаға барабар қанағаттандырылады.
111-бап. Бірiншi кезекте өндiрiп алу
Бірiншi кезекте алименттердi өндiрiп алу бойынша талаптар; жарақат алудан немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі талаптар; қызметкерлердiң еңбектегi құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылады.
112-бап. Келесi кезектегi өндiрiп алу
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Екінші кезекте патенттер берілген шығармаларды, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар, азаматтардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен өздерінің мүлкіне келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
2. Үшінші кезекте сыйақыны (мүддені), орындау мерзімін өткізіп алудан келтірілген залалды өтеуді, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды), кепілге қойылған мүлікті ұстау бойынша қажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу бойынша кепіл ұстаушының шығыстарын өтеуді қоса алғанда, кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қанағаттандырылады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар, заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
4. Бесiншi кезекте қалған талаптардың бәрi қанағаттандырылады.
12-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨТЕУ ТӘРТІБІ
1-параграф. Жалпы ережелер
113-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар
1. Атқарушылық әрекеттердi ұйымдастыру мен оларды жүргізуге жұмсалған бюджет қаражаттары, атқарушылық iс жүргiзуге тараптардың, сот орындаушысы орындау процесіне тартқан өзге де адамдар мен ұйымдардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады.
2. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға:
1) борышкердiң мүлкiн анықтауға, қарауға, бағалауға;
2) борышкер мүлкiне тізімдеме жасауды және тыйым салуды ұйымдастыру мен өткiзуге, мұндай мүлiктi тасымалдау мен сақтауға;