2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
4. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.
11-бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
2. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстарының арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің уәкілетті өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
3. Қоғамдық кеңес төралқасының отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын депутаттары қатыса алады.
4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.»;
11) 12-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.»;
12) 13-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Республикалық деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі жүзеге асырады.
Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады.
Өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының хатшысы Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.»;
13) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық кеңес халыққа:
1) өзінің азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабар береді.»;
14) 15-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:
1) ол қайтыс болған жағдайда;
2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;
3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;
4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;
5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;
6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;
7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;
8) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
3. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабының 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.»;
15) 3-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату
1. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде көзделген өкілеттіктер мерзімі өткеннен кейін немесе өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады.
Қоғамдық кеңес өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз қызметін жалғастырады.
2. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
16) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін, ашықтығын және бүкпесіздігін арттыру;»;
«3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу;»;
17) 17-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.
2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.»;
18) 18-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.
2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.»;
«4. Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, осы Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.»;
19) 20-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың - мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегияларды және даму жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.»;
«4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша, мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды және тиісті мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жібереді.»;
20) 21-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;»;
«3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.»;
9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;
21) 22-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңестің өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды жою тұрғысынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.
2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) халықаралық және шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;
22) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда - әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.».
4. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 42-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және он жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңеске тиісті хат жібереді.»;
2) 44-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса және осы Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарынсыз, сондай-ақ 20-баптың 3-тармағының талаптары бұзыла отырып қабылданса;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 3 қаңтар
№ 406-VІ ҚРЗ