3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғынжайды жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне және алған орнына қарай республика қалаларынан береді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді:
1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға - үш бөлмелі пәтер;
2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге - екі бөлмелі пәтер;
3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге - бір бөлмелі пәтер.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың тұрғынжай берілген чемпионы немесе жүлдегері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы допинг сынаманың нәтижесіне және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімге қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның мұрагерлеріне өтеді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан - олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.
Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жергілікті атқарушы орган Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжайды ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде береді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондарына немесе жүлдегерлеріне тұрғынжай беруді қаржыландыру ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
9. Бұл нормалар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атағын жеңіп алған адамдарға қолданылмайды.
48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкімшілігінің шешімдерімен дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 50-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қайырымдылық және кәсіпкерлік қызмет
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командалардың немесе спорттық іс-шаралардың қайырымдылық жасаушылары бола алады. Қайырымдылық жасаушылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, іс-шараларды ұйымдастырушылар арасындағы қатынастар шарттық негізде белгіленеді. Қайырымдылық жасаушылар спорттық іс-шараларды қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына және жекелеген адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады, дене шынықтыру-спорт және оған ілеспе тауарларды өндіре алады, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметінде пайдалана алады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 50-1-баппен толықтырылды
50-1-бап. Бірыңғай оператор
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым бірыңғай оператор деп танылады.
2. Бірыңғай оператор қайырымдылық көмекті:
1) дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғаларды, спортшыларды, ұжымдарды (спорт командаларын) әлеуметтік қолдау түрінде;
2) демеушілік көмек түрінде;
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға, спорттық медицина ұйымдарына олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында бөледі.
3. Бірыңғай оператордың қайырымдылық көмек көрсетудегі негізгі басымдықтары:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиалық, арнайы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дене шынықтыруды, барлық спорт түрін дамытуға жәрдемдесу;
4) әлеуметтік салада көмек көрсету;
5) бірыңғай оператордың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар;
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы имидждік жобаларды іске асыру болып табылады.
4. Мыналар:
1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;
3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, кемінде сегіз жыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің болуы;
4) бірыңғай операторды айқындау кезінде заңды тұлға банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауға тиіс, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының резиденттігі бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары болып табылады.
5. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсімдер;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
4) Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер бірыңғай оператордың мүлкін қалыптастыру көздері болып табылады.
6. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын:
1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық жасаушының ерік-қалауын сақтау;
2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;
3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету;
4) қайырымдылық көмектің оң әсер етуі қағидаттары негізінде бөледі.
7. Қайырымдылық көмекті алушылар бірыңғай операторға бюджеттен тыс ақша қаражатын нысаналы пайдалану туралы есептілікті тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде ұсынады, оны бірыңғай оператордың жоғары басқару органы немесе алқалы органы бекітеді.
8. Бірыңғай оператор қайырымдылық жасаушы бекітетін алушылар ұсынған есептілік негізінде қайырымдылық көмекті пайдалану жөніндегі ақпаратты қайырымдылық жасаушы белгілеген мерзімдерде оған ұсынады.
51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлері құрайды.
2. Спорт ғимараттары мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Аумақтарды дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету қажеттілігін айқындау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттарды құрмай тұрып жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгертуге жол берілмейді.
5. Меншігінде немесе иелігінде спорт ғимараттары бар адамдар техникалық регламенттер, стандарттар талаптарына, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары белгілеген нормаларға, қағидалар мен талаптарға, санитариялық қағидаларға сәйкес спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарды тиісінше техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.
52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі
1. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді:
1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын;
2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (тұрған жерін);
3) меншігінде дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мәліметтерді;
4) пайдалануға беру, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің аяқталған күнін;
5) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын;
6) біржолғы қабылдау қабілетін;
7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңын;
8) ғимараттарда қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың бар немесе жоқ екендігін;
9) медициналық қызмет көрсетуге және допинг-бақылау жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың бар немесе жоқ екендігін;
10) көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды.
11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктері құрылуы мүмкін. Ұлттық дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыруға шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша қаражатына және өзге де мүлікке өз бетінше иелік етуге құқылы.
54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)
1. Спорт түрлері және өндірістік гимнастика бойынша жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спорт төрешілері, халықпен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастырушылар (спорт еріктілері) ерікті негізде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қоғамдық қызметті жүзеге асыра алады, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан және аттестаттаудан өте алады.
2. Тиісті даярлықтан және аттестаттаудан өтпеген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға спорт сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуге, спорттық жарыстарға төрешілік етуге және өз бетінше өзге де спорттық қызметпен айналысуға жол берілмейді.
55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, халықаралық спорттық жарыстарда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) құрамында өнер көрсету құқығын қоспағанда, осы Заңда көзделген көлемде дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын пайдаланады.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
56-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
58-бап. Өтпелі ережелер
1. Спорт федерациялары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өздерінің қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруі тиіс.
2. Осы Заңның 41-бабында көрсетілген жаттықтырушылар мен спорт төрешілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде аттестатталуға жатады.
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 84-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 3-і.
№ 228-V ҚРЗ