2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
29-бап. Кредиттік есептi беру
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кредиттiк есептi беруге:
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.
Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
4. Кредиттiк бюро кредиттiк тарих субъектiсiне қатысты кредиттiк есептi оған берудi кредиттiк тарих субъектiсiнiң жазбаша сауалы негiзiнде жүзеге асырады.
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактілері туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртібі шартқа сәйкес айқындалады.
Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін , уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері
30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
1) 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
4) 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электронды жеткізгіште бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |