2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.
Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелік жарналар төлеу;
2) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының