Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған 2024 жылғы «__»_________№ __ шартқа КЕПІЛДІК ШАРТ Астана қаласы 2024 жылғы «__»_________ Бұдан әрі «Орталық» деп аталатын »Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы ___________________ бір жағынан, бұдан әрі «Кепілдік беруші» деп аталатын _______________________________ атынан _____жылғы «__»___________№___ Сенімхат негізінде әрекет ететін __________________, екінші жағынан төмендегі туралы осы шартты жасасты: 1. ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Осы Шарт бойынша Кепілдік беруші Орталық алдында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері _________________________________ (бұдан әрі - Стипендиат) Орталық және Стипендиат арасында жасалған 2024 жылғы «__»_________№ __Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарт (бұдан әрі - Тағылымдамадан өтуге арналған шарт) бойынша барлық міндеттемелерін орындауына жауапты болуға міндеттеледі. 2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 2.1. Кепілдік беруші Стипендиатпен бірлесіп, Орталық алдында Стипендиат Тағылымдамадан өту шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы Стипендиаттың Тағылымдамадан өту бойынша тағылымдамасына жұмсалған шығындар сомасын қайтаруды, Орталық шығыстарын өндіріп алу бойынша сот шығындарын өтеуді, айыппұл төлеуді, және есеп күніне Орталықтың басқа да шығындарын қоса алғанда, Стипендиаттың Тағылымдамадан өту бойынша міндеттемелерін орындауына Стипендиат сияқты көлемде толық ортақ жауапкершілікте болуға міндеттеледі. 2.2. Кепілдік беруші осы шарттың 2.1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді Орталықтан Стипендиаттың Тағылымдамадан өту шарты бойынша міндеттемелерін орындамауы туралы хабарлама алған күннен бастап бір айлық мерзімде орындауға міндеттеледі. 2.3. Кепілдік берушінің жауапкершілігіне негіз Стипендиаттың Тағылымдамадан өту шарты бойынша міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісінше орындамауы болып табылады. 2.4. Стипендиат Оқуды ұйымдастыру шарты бойынша Орталық алдындағы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Орталық Стипендиат міндеттемелерді орындау туралы талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда көрсетілген талаптарды орындалмаған бөлігінде кепілдік берушіге қоюға құқылы. 2.5. Кепілдік беруші кез келген уақытта өз бастамасы бойынша (Орталықтың жазбаша талабын алмай-ақ) Стипендиаттың Тағылымдамадан өту шарты бойынша оқуына жұмсалған шығындар сомасын төлеуге, Орталық шығыстарын өндіріп алу бойынша сот шығындарын өтеуге, айыппұл және Орталықтың басқа да шығындарын төлеуге құқылы. 2.6. Егер Кепілдік беруші Орталықтың Тағылымдамадан өту шарты бойынша барлық шығыстарын өтейтін болса, оған Орталықтың нақты қанағаттандырылған талаптары көлеміндегі құқығы көшетін болады. 2.7. Кепілдік берушінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы үшін Орталық Кепілдік берушінің кез келген мүлкін өндіріп алуға құқылы. 2.8. Орталық тиісті ұйымдардан Кепілдік берушінің мүліктік жағдайын ресми нақтылауын талап етуге құқылы. 2.9. Кепілдік берушінің жауапкершілігін арттыруға немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соғатын осы Шартқа барлық түзетулер мен өзгертулер Кепілдік берушінің жазбаша келісімімен ғана жасалуы тиіс. 3. КЕПІЛДІК МЕРЗІМДЕРІ 3.1. Кепілдік беру: - Стипендиат Тағылымдамадан өту шарты бойынша міндеттемелерді орындаған болса; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 3.2. Кепілдік беруді ұсыну үшін ақы төлеу осы Шартта көзделмеген. 4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ 4.1. Кепілдік беруші осы Шартқа қол қою кезінде құқықтық қабілетінің/әрекетке қабілетсіздігі шектелмегенін, жаңылысу, алдану, зорлық көрсету, қорқыту, арам ниетті келісім ісерінің болмағанын, сондай-ақ осы Шартты орындау мазмұны, шарттары мен тәртібі және оны жасасу салдарлары түсіндірілгенін, және оған қол Орталық, Стипендиат немесе үшінші тұлға тарапынан немесе күрделі жағдайлар салдарынан болмағандығын, қол қоятын Шарттың мәнін түсінетіндігін және оның шарттары Кепілдік берушіге әділетсіз болып табылмайтындығын мақұлдайды. 4.2. Осы Шарттан туындайтын даулар мен шағымдарды Тараптар келіссөздер арқылы шешеді. 4.3. Келіссөздер арқылы келісу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының соттарында сот тәртібімен шешуге жатады. 5. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 5.1. Осы Шарт Тағылымдамадан өтуге арналған шарттың барлық әрекет ету мерзімі ішінде қолданыста болады және Стипендиат Тағылымдамадан өту шарты бойынша барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді. 5.2. Осы Шартты орындаудан бір жақты бас тарту және осы Шартқа бір жақты өзгеріс енгізуге және/немесе толықтыруға жол берілмейді. 5.3. Осы Шарт 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалған. | ДОГОВОР ГАРАНТИИ к договору на прохождение научной стажировки от «__» _________года №____ Город Астана от «__» _________года Акционерное общество «Центр международных программ», именуемое в дальнейшем «Центр», в лице председателя Правления ___________________, действующей на основании Устава, с одной стороны, и ______________________________, именуемый (-ая) в дальнейшем «Гарант», от имени которого(-ой) действует _________________ на основании Доверенности от «__»___________ года №___, с другой стороны заключили настоящий договор о нижеследующем: 1. ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА 1.1. По настоящему договору Гарант принимает на себя полную солидарную ответственность за исполнение обладателем международной стипендии «Болашак» ______________________________ (далее - Стипендиат) всех своих обязательств по договору на прохождение научной стажировки от «__» _________года №__ (далее - Договор на прохождение стажировки) заключенному между Центром и Стипендиатом. 2. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ СТОРОН 2.1. Гарант обязуется нести полную солидарную ответственность со Стипендиатом перед Центром за исполнение обязательств по договору на прохождение стажировки, в том же объеме, как и Стипендиат, включая, в случае неисполнения Стипендиатом обязательств по договору на прохождение стажировки, возврат суммы расходов, потраченных на стажировку Стипендиата по договору на прохождение стажировки, возмещение судебных издержек по взысканию расходов Центра, выплаты штрафа, и других убытков Центра на день расчетов. 2.2. Гарант обязуется исполнить обязательства, указанные в п.2.1 настоящего договора в месячный срок со дня получения требования от Центра о неисполнении Стипендиатом обязательств по договору на прохождение стажировки. 2.3. Основанием ответственности Гаранта является неисполнение и/или ненадлежащее исполнение Стипендиатом обязательств по договору на прохождение стажировки. 2.4. В случае неисполнения и/или ненадлежащего исполнения Стипендиатом обязательств перед Центром, при неудовлетворении Стипендиатом требования об исполнении обязательства Центр вправе заявить указанное требование в неисполненной части Гаранту. 2.5. Гарант вправе в любое время по своей инициативе (без получения письменного требования Центра) оплатить всю сумму расходов, потраченных на стажировки Стипендиата по договору на прохождение стажировки, возмещение судебных издержек по взысканию расходов Центра, выплаты штрафа, и других убытков Центра. 2.6. В случае если Гарант возместит все расходы Центра по договору на прохождение стажировки, к нему переходят права Центра в объеме фактически удовлетворенных требований. 2.7. Во исполнение обязательств Гаранта по настоящему Договору, Центр имеет право обратить взыскание на любое имущество Гаранта. 2.8. Центр вправе затребовать официальное подтверждение имущественного положения Гаранта у соответствующих организаций. 2.9. Все поправки и изменения к настоящему Договору, влекущие увеличение ответственности или иные неблагоприятные последствия для Гаранта должны совершатся только с письменного согласия Гаранта. 3. СРОКИ ГАРАНТИИ 3.1. Гарантия прекращается: - в случае исполнения Стипендиатом обязательств по договору на прохождение стажировки; - в иных, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, случаях. 3.2. Плата за предоставление Гаранта настоящим Договором не предусматривается. 4. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН И ПОРЯДОК РАЗРЕШЕНИЯ СПОРОВ 4.1. Гарант подтверждает, что при подписании настоящего Договора в правоспособности/дееспособности не ограничен, не находится под влиянием заблуждения, обмана, насилия, угрозы, злонамеренного соглашения, а также содержание, условия, порядок исполнения настоящего Договора и последствия его заключения ему разъяснены и понятны, и он подписан им без оказания какого-либо давления со стороны Центра, Стипендиата или третьих лиц или вследствие стечения тяжелых обстоятельств, понимает суть подписываемого Договора и его условия не являются для Гаранта кабальными. 4.2. Споры и претензии, вытекающие из настоящего Договора разрешаются Сторонами путем переговоров. 4.3. В случае не достижения соглашения путем переговоров, споры и разногласия подлежат разрешению в судебном порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан в судах города Астана. 5. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ 5.1. Настоящий Договор действует в течение всего срока действия договору на прохождение стажировки и действует до полного выполнения Стипендиатом всех обязательств по договору на прохождение стажировки. 5.2. Односторонний отказ от исполнения настоящего Договора и одностороннее изменение и/или дополнение настоящего Договора не допускается. 5.3. Настоящий Договор составлен в 2 (двух) экземплярах, по одному экземпляру для каждой из Сторон. |