11. Егер істі апелляциялық, кассациялық сатыларда қарау кезінде істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық, кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
12. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануы мүмкін.
Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.
13. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен түйіндерді алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін түйіндерді алдын ала шешуге құқылы емес.
14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтінішхатта, наразылықта көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздеріне қатысты өтінішхат, наразылық келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты өтінішхат берілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде ғана жол беріледі. Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді прокурордың наразылығында немесе өтінішхатта көрсетілген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
15. Облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық саты апелляциялық алқаның екінші бір қаулысын қалдыра отырып, қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.
16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы олардың немесе олар уәкілеттік берген адамдардың ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндамасынан басталады. Алқа көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер бар болған кезде істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 17-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
17. Істі мәні бойынша қарау кассациялық алқа судьясының ұсынудың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасынан не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасынан басталады. Істі одан әрі қарау осы бапта көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 18-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
18. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық саты қылмыстық істе бар және тараптар қосымша түрде ұсынған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырған кезде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 19-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19. Кассациялық саты қарау қорытындысы бойынша осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
20. Сот үкімінің, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау және істі жаңадан қараған кезде шығарылған сот актілеріне шағым жасау, наразылық білдіру осы Кодекстің 497 және 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 495-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 496-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
496-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына төрағалық етуші және соттың құрамына кіретін барлық судьялар қол қояды.
497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Сот үкімінің немесе қаулысының күші кассациялық тәртіппен жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Кассациялық сатыдағы соттың нұсқаулары істі төмен тұрған сатыдағы сот қайта қараған кезде міндетті болады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының күшi жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты кассациялық тәртіппен жойылған болса ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот iстi жаңадан талқылау кезiнде шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.
3. Алдыңғы үкімнің, қаулының күші жойылуына байланысты істі жаңадан талқылау кезінде шығарылған үкімді, қаулыны жоғары тұрған сот сатылары соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы тәртіппен қарауы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 498-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
498-бап. Істі жаңадан қарау кезінде шығарған сот үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық келтіру
Алдыңғы үкімнің немесе қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ
499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi
1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.
2. Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:
1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;
2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;
4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм, ұйғарым шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;
5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы;
6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;
7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында санамаланған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне орай, рақымшылық актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты тоқтату туралы қаулысы арқылы белгіленуі мүмкiн.
500-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкiмi;
2) ақтау үкiмi;
3) iстi тоқтату туралы қаулы;
4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.
501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi
1. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi.
2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.
3. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:
1) осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда - жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе iстi тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң, қаулының заңды күшiне енген күні;
2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;
3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес прокурор жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған күн есептеледi.
502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзуді қозғау тәртібі
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне, қорғаушыларға, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа беріледі.
2. Азаматтардың, оның iшiнде осы iс бойынша процеске қатысушылардың арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.
3. Егер келiп түскен өтiнiшхатта, арызда немесе хабарда осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 6) тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкiмiнiң, қаулысының бар екендiгiне сiлтеме болса, сот өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғайды, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан тиісті процестік құжаттарды талап етіп алдыра отырып, осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот талқылауын жүргізеді.
4. Егер өтiнiшхатта, арызда немесе хабарда осы Кодекстiң 499-бабы екiншi бөлiгiнiң 4) тармағында көрсетілген өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, сот тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін материалдарды прокурорға жібереді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеп-тексеру кезiнде осы Кодекстiң қағидалары сақтала отырып, жауап алу, қарап-тексеру, сараптама, алу және өзге де тергеу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор сотқа тексеру материалдарын және сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екені не жоқ екені туралы өз қорытындысын жібереді.
503-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiнгi әрекеттерi
1. Прокурор өзіне келіп түскен арызды, жолданымды тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау үшін негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені қарауға құқықты сотқа тиісті өтінішхатпен жүгінеді. Өтінішхат қылмыстық іс материалдарымен бірге жіберіледі, оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда - үкімнің көшірмесі және дәл осы баптың екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексеру материалдары қоса беріледі.
2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатқа бастама жасауға негіздер байқалмағанда, прокурор бұдан өзінің уәжді қаулысымен бас тартады. Қаулының көшірмесі қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағым жасау немесе сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатпен жеке өзі жүгіну құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде арыз иесіне жіберіледі.
504-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды бірінші сатыдағы соттың үкім, қаулы шығарған судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулы шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарау:
1) апелляциялық сатыда - егер істі апелляциялық саты жеке-дара қараған болса - жеке-дара, ал егер іс алқалы түрде қаралса - алқалы түрде;
2) кассациялық сатыда алқалы түрде жүзеге асырылады.
2. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процестің өзге де қатысушылары және сот отырысына шақырылған тұлғалар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, көрсетілген тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді. Егер арызда (өтінішхатта) немесе хабарда тексеруді және тергеп-тексеруді қажет ететін өзге мән-жайлар көрсетілген болса, сот оларды тексеруді немесе тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді. Олардың нәтижелері бойынша прокурор сотқа тексеру материалдарын және өзінің сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы қорытындысын жібереді.
4. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
505-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған соттың қаулысы
1. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру;
2) өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
2. Сот өтінішхатты қараған кезде осы Кодекстің 499-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса және олар соттың заңсыз немесе негізсіз үкімінің, қаулысының алдында болса немесе заңсыз немесе негізсіз үкім, қаулы шығаруына әкеп соқса, өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайларда, сот қаулыда заңды күшіне енген тиісті сот актісінің күшін жою және істі жаңадан тергеп-тексеруге немесе қарауға жіберу туралы көрсетеді. Егер жаңадан тергеп-тексеру немесе сот қарауы талап етілмесе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздерін көрсете отырып, тоқтатады.
Мүлікті тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде сот көрсетілген қаулының күшін жояды.
3. Сот өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар расталмаса, не олар орын алғанымен, үкімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпесе, заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау, оған наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулылары - олар шығарылған күннен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым жасалса, наразылық білдірілсе және жоғары тұрған сот оны күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған қаулы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды, ол жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
506-бап. Прокурордың сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған сот қаулысы
1. Сот прокурордың іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта бастау туралы өтінішхатын қарап:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою және істі тергеп-тексеру немесе жаңа сот талқылауын жүргізу үшін беру;
2) өтінішхатты қанағаттандыру туралы және сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою туралы және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін тергеп-тексеру немесе сот талқылауы талап етілмесе, істі тоқтату;
3) өтінішхатты қабылдамау туралы қаулылардың бірін шығарады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 507-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
507-бап. Сот қаулысын қайта қарау және сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды осы Кодекстің 502-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар тиісті жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде бере алады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеп-тексеру және сот талқылауы осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Алқабилердiң қатысуымен шығарылған заңды күшіне енген сот актісін алдын ала тыңдау сатысынан жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi жаңадан қарауға жолдай отырып, қайта қарау туралы өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, сот iстi жаңадан қараған кезде iстi алдын ала тыңдауды жүргiзедi және сотталушының ерiк бiлдiруiне қарай iстi алқабилердiң қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешiм қабылдайды. Егер сот актісі басты сот талқылауын жүргiзу сатысынан соттың жаңадан қарауына жолдана отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердiң жаңа алқасын қалыптастыруды жүргiзедi және iстi осы Кодекстiң 65-тарауының ережелерiне сәйкес қарайды.
508-бап. Істi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезiндегi азаматтық талап қою
Үкiмнiң күшi жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты жойылған жағдайда, қылмыстық iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап қою жалпы негiздерде жаңадан қаралады. Істi азаматтық талап қою бөлiгiнде ғана қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана жол берiледi.
11-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ