1.5. жылу қуаттылығы 300 мегаватт (МВт) және одан көп болатын жылу электр станциялары және отынды жағуға арналған басқа да қондырғылар;
1.6. атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары, оларға осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдаланудан шығару (барынша қуаттылығы 1 киловатт (кВт) тұрақты жылу жүктемесінен аспайтын, бөлінетін және жаңартылатын материалдарды өндіруге және конверсиялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) кіреді;
1.7. сәулеленген ядролық отынды қайта өңдеуге арналған қондырғылар;
1.8. мыналарға:
1.8.1. ядролық отын өндіруге немесе байытуға;
1.8.2. сәулеленген ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды өңдеуге;
1.8.3. сәулеленген ядролық отынды түпкілікті жоюға;
1.8.4. тек қана радиоактивті қалдықтарды түпкілікті жоюға;
1.8.5. сәулеленген ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды өндіріс объектісі аумағының шегінен тыс басқа жерлерде тек қана ұзақ мерзімді (10 жылдан да астам кезеңге жоспарланған) сақтауға арналған қондырғылар.
2. Жер қойнауын пайдалану:
2.1. мұнай мен табиғи газды коммерциялық мақсаттарда өндіру, бұл ретте алынатын көлемі мұнайға қатысты тәулігіне 500 тоннадан және газға қатысты тәулігіне 500 мың м3 асады;
2.2. карьерлер және 25 га асатын аумақта пайдалы қатты қазбаларды ашық өндіру немесе 150 га асатын аумақта шымтезек алу;
2.3. жер қойнауынан алынған пайдалы қатты қазбаларды бастапқы қайта өңдеу (байыту);
2.4. асбест өндіру жөніндегі объектілер;
2.5. осы бөлімде көрсетілген бүлінген жерлерді және жер қойнауын пайдаланудың басқа да объектілерін рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізу.
3. Металдарды өндіру және өңдеу:
3.1. металл кендерін (сульфидті кенді қоса алғанда) күйдіруге немесе агломерациялауға арналған қондырғылар;
3.2. шойын мен болатты бастапқы балқыту жөніндегі интеграцияланған кәсіпорындар (комбинаттар);
3.3. металлургиялық, химиялық немесе электролиттiк процестер арқылы кеннен қышқылданбаған түсті металдарды, концентраттарды немесе қайталама шикiзат материалдарын өндiру жөніндегі қондырғылар.
4. Кендік емес минералдық заттарды қайта өңдеу:
4.1. асбестті және құрамында асбест бар бұйымдарды өңдеуге және түрлендіруге арналған объектілер:
4.1.1. асбест-цемент бұйымдары үшін - жылдық өндірісі 20 мың тонна дайын өнімнен көп;
4.1.2. фрикциялық материалдар үшін - жылдық өндірісі 50 тонна дайын өнімнен көп;
4.1.3. асбестті өзге де пайдалану үшін - жылына 200 тоннадан көп тұтыну.
5. Химия өнеркәсібі:
5.1. интеграцияланған химиялық кәсіпорындар (зауыттар) - бірнеше технологиялық кезеңдер қосылған және химиялық өзгерту процестерін қолдана отырып, мынадай заттарды өнеркәсіптік ауқымда өндіру үшін бір-бірімен функционалды байланысқан технологиялық қондырғылардың жиынтығы:
5.1.1. негiзгi органикалық химиялық заттар, олар:
қарапайым көмiрсутектер (желілік немесе циклдiк, қаныққан немесе қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);
құрамында оттегі бар көмірсутектер: спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, күрделi эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, асқын тотықтар, эпоксидтi шайырлар;
күкiрттi көмiрсутектер;
азотты көмірсутектер: аминдер, амидтер, азот қосылыстары, нитро қосылыстар немесе нитратты қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар;
құрамында фосфор бар көмірсутектер;
галогенделген көмiрсутектер;
органометал қосылыстар;
негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);
синтетикалық каучук;
бояулар мен пигменттер;
беткi-белсенді заттар;
5.1.2. негізгі органикалық емес химиялық заттар, олар:
газдар: аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртегі оксидтері, күкiрт қосылыстары, азот оксидтері, сутегі, күкiрт диоксиді, көмiртегінің хлор тотығы;
қышқылдар: хром қышқыл, фторлы сутек қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, хлорлы сутек қышқылы, күкiрт қышқылы, олеум, күкiртті қышқыл;
сiлтiлер: аммоний гидрототығы, калий гидрототығы, натрий гидрототығы;
тұздар: хлорлы аммоний, хлор қышқылды калий, көмiрқышқылды калий, көмiрқышқылды натрий, перборат, азотқышқылды күмiс;
бейметалдар, металл оксидтері немесе басқа органикалық емес қосылыстар: кальций карбиді, кремний карбиді;
5.1.3. фосфор, азот немесе калий минералдық тыңайтқыштар (қарапайым немесе күрделi тыңайтқыштар);
5.1.4. пестицидтер мен биоцидтер;
5.1.5. биологиялық немесе химиялық процестер қолданылатын негізгі фармацевтикалық өнімдер;
5.1.6. жарылғыш заттар;
6. Қалдықтарды басқару:
6.1. өртеу (инсинерациялау), химиялық өңдеу немесе полигонда көму арқылы қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі объектілер;
6.2. өнімділігі тәулігіне 100 тоннадан асатын, өртеу (инсинерациялау) немесе химиялық өңдеу арқылы қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі объектілер.
7. Целлюлоза-қағаз өндірісі:
7.1. өнеркәсіптік қондырғылар, олар:
7.1.1. ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндiруге;
7.1.2. өндiрiстiк қуаттылығы тәулігіне 200 тонна және одан көп болатын қағаз және картон өндiруге арналған.
8. Автомобиль, теміржол және әуе көлігі:
8.1. алыс қатынастағы теміржол желілерін салу;
8.2. негiзгi ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 м немесе одан көп болатын әуежайлар салу;
8.3. үздіксіз ұзындығы 10 км және одан көп болатын, І техникалық санаттағы ортақ пайдаланылатын жаңа автомобиль жолдарын салу және (немесе) қолданыстағыларын реконструкциялау.
9. Су көлігі:
9.1. суығыстырымдылығы 1350 тоннадан көп болатын кемелердің өтуіне жол беретін ішкі су жолдары және ішкі кеме қатынасына арналған порттар;
9.2. суығыстырымдылығы 1350 тоннадан көп болатын кемелерді қабылдай алатын жағалау және шығару порттарымен (паром өткелдерінің айлақтарын қоспағанда) байланысты сауда порттары, тиеуге және түсіруге арналған айлақтар.
10. Су ресурстарын басқару:
10.1. өзен бассейндері арасында су ресурстарын бұру жөніндегі жұмыстар, бұл ретте бұрылатын су көлемі жылына 100 млн.текше метрден асады (су құбыры ауызсуын бұруды қоспағанда);
10.2. ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша көлемі 10 млн.м3 асатын, суды ұстауға немесе тұрақты сақтауға арналған бөгеттер мен басқа да объектілер;
10.3. алынатын немесе толықтырылып отыратын судың жыл сайынғы көлемі 10 млн. м3-ге балама немесе одан асатын жерүсті және жерасты суларын жинау немесе жерасты суын жасанды толықтыру жүйесін пайдалану;
10.4. өнімділігі тәулігіне 30 мың м3 және одан көп болатын, елді мекендердің сарқынды суын тазартуға арналған қондырғылар.
11. Мыналарға:
11.1. ауыл шаруашылығы құсы үшін 50 мың бастан көп;
11.2. шошқа (салмағы 30 кг көп) үшін 2 мың бастан көп;
11.3. мегежіндер үшін 750 бастан көп құсты немесе шошқаны қарқынды асырау.
12. Өзге де қызмет түрлері:
12.1. диаметрі 800 мм-ден көп немесе ұзындығы 40 км-ден көп, газ, мұнай немесе химиялық заттар тасуға арналған құбырлар;
12.2. қайта өңдеу көлемі тәулігіне 12 тонна өңделген өнімнен асатын, былғары мен терілерді илеуге арналған қондырғылар;
12.3. кернеуі 220 киловатт және одан көп және ұзындығы 15 км-дан көп әуедегі электр беру желілерін салу;
12.4. тамақ өнімдерін мыналардан өндіру мақсатында өңдеу және қайта өңдеу:
12.4.1. дайын өнімді өндіру жөніндегі қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан асатын мал шикізаты (сүттен басқа);
12.4.2. көлемі тәулігіне 200 тоннадан асатын сүт (жыл сайынғы негіздегі орташа көрсеткіш);
12.5. қайта өңдеу қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан асатын, жануарлардың өлекселерін немесе мал шаруашылығы қалдықтарын жоюға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған қондырғылар;
12.6. сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көп болатын, мұнай, мұнай-химия немесе химия өнімдерін сақтауға арналған қондырғылар, сондай-ақ белсенді сақтау көлемі 150 млн. м3-ден көп болатын табиғи газды жерасты сақтау.
12.7. өндiрiстiк қуаттылығы сағатына 150 кг-ден көп немесе жылына 200 тоннадан көп болатын, органикалық ерiткiштердi пайдалана отырып заттарды, нәрселерді немесе өнiмдердi беткi өңдеуге арналған, атап айтқанда әрлеуге, басып шығаруға, жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибрлеуге, бояуға, тазартуға немесе сіңіруге арналған қондырғылар.
2-бөлім. Белгіленіп отырған қызметтің әсер етуін скринингтеу рәсімін жүргізу міндетті
болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің
тізбесі
1. Энергетика:
1.1. өнімділігі тәулігіне 50 тонна және одан көп болатын, газдандыруға және көмірді, битумдық тақтатастарды, отынның өзге де түрлерін сұйылтуға арналған қондырғылар;
1.2. тас көмірді термиялық және химиялық қайта өңдеуді қоспағанда, өнімділігі жылына 1 млн. тонна және одан көп болатын, көмірді (тас және қоңыр) қайта өңдеу жөніндегі қондырғылар;
1.3. жылу қуаттылығы 50 мегаватт (МВт) және одан көп болатын жылу электр станциялары және отынды жағуға арналған басқа да қондырғылар;
1.4. қуаттылығы 50 мегаватт (МВт) және одан көп болатын, электр энергиясын, бу мен ыстық суды өндіруге арналған өнеркәсіптік қондырғылар;
1.5. жалпы белгіленген қуаттылығы 50 мегаватт (МВт) және одан көп немесе жеке энергетикалық қондырғының белгіленген қуаттылығы 10 мегаватт (МВт) және одан көп болатын су электр станциялары;
1.6. діңгегінің биіктігі 50 метрден асатын, электр энергиясын өндіру үшін жел энергиясын пайдалануға арналған құрылысжайлар (жел диірмендері);
1.7. тас және қоңыр көмірді өнеркәсіптік брикеттеу;
1.8. радиоактивті қалдықтарды өңдеуге және сақтауға арналған құрылысжайлар.
2. Жер қойнауын пайдалану:
2.1. көмірсутектерді барлау және өндіру;
2.2. карьерлер және пайдалы қатты қазбаларды ашық өндіру; жылына 100 мың тоннадан көп көмірді ашық өндіру, жылына 200 мың тоннадан көп лигнит өндіру;
2.3. пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын барлау мақсаттары үшін тау-кен массасын алу және топырақтың орнын ауыстыру арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлау;
2.4. механикаландыру құралдарын қолдана отырып, өзен арналарында немесе су қорының жерінде жүргізілетін кен іздеушілік бойынша кез келген жұмыстар;
2.5. жылына 10 мың тоннадан жоғары кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу;
2.6. пайдалы қатты қазбаларды жерасты өндіру;
2.7. топырақты қазу арқылы пайдалы қазбаларды теңізде немесе өзенде өндіру;
2.8. тас көмірді, мұнайды, табиғи газ бен кенді, сондай-ақ жанғыш тақтатастарды өндіруге арналған жерүсті өнеркәсіптік құрылысжайлар;
2.9. терең бұрғылау (топырақтың орнықтылығын зерттеуге арналған бұрғылауды қоспағанда), атап айтқанда:
2.9.1. тереңдігі 200 м және одан көп болатын геотермальдық ұңғымаларды бұрғылау;
2.9.2. ядролық қалдықтарды сақтау үшін бұрғылау;
2.9.3. 200 м және одан көп тереңдікте сумен жабдықтау үшін бұрғылау;
2.10. осы бөлімде көрсетілген бүлінген жерлерді және жер қойнауын пайдаланудың басқа да объектілерін рекультивациялау бойынша жұмыстар жүргізу.
3. Металдарды өндіру және өңдеу:
3.1. өнімділігі сағатына 2,5 тонна және одан көп болатын, үздіксіз құюды қоса алғанда, қайта құйылған шойын немесе болат (бастапқы немесе қайталама балқыту) өндіруге арналған қондырғылар;
3.2. қара металдарды өңдеуге арналған қондырғылар:
3.2.1. қуаттылығы сағатына 20 тонна шикі болаттан асатын ыстықтай илемдейтін орнақтар;
3.2.2. бір балғаға энергиясы 50 килоджоульден (кДж) асатын, ал тұтынылатын жылу қуаттылығы 20 мегаваттан (МВт) асатын ұста балғалары;
3.2.3. сағатына 2 тоннадан асатын, шикі болат бере отырып, қорғаныш бүркілген металл жабындарды жағу;
3.2.4. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан асатын қара металдарды құю;
3.3. мыналарға:
3.3.1. легирлеуді қоса алғанда, балқыту қуаттылығы:
қорғасын және кадмий үшін - тәулігіне 4 тоннадан;
барлық басқа да түсті металдар үшін тәулігіне 20 тоннадан асатын, түсті металдарды (бағалы металдарды қоспағанда), оның ішінде рекуперациялық өнімдерді балқытуға (рафинирлеу, құю өндірісі және т. б.) арналған қондырғылар;
3.3.2. өңдеу үшін пайдаланылатын кеспектердің көлемі 30 м3-ден асатын, электролиттік немесе химиялық процестерді пайдалана отырып, металдар мен пластикалық материалдарды беткі өңдеуге арналған қондырғылар;
3.4. автомобильдерді жасап шығару және өнеркәсіптік құрастыру жөніндегі кәсіпорындар;
3.5. автомобиль қозғалтқыштарын жасап шығару жөніндегі кәсіпорындар;
3.6. верфьтер (кеме жасау және кеме жөндеу өндірістері);
3.7. ұшақтар, тікұшақтар жасап шығару және жөндеу жөніндегі кәсіпорындар;
3.8. теміржол көлік құралдарын, цистерналарды жасап шығару жөніндегі кәсіпорындар;
3.9. теміржол жабдықтарын жасап шығару;
3.10. өндірістік алаңы 100 м2-ден көп болатын жарылыспен қалыптау қолданылатын цехтар.
4. Кенсіз минералдық заттарды қайта өңдеу:
4.1. өндірістік қуаттылығы жылына 15 мың тонна және одан көп цемент зауыттары;
4.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 500 тоннадан асатын айналмалы күйдіру пештерінде цемент клинкерін немесе өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан көп айналмалы күйдіру пештерінде немесе өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан асатын басқа да пештерде әкті өндіруге арналған қондырғылар;
4.3. асбест өндіру және асбесттен жасалған бұйымдарды дайындау жөніндегі кәсіпорындар;
4.4. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тонна және одан көп болатын, шыны және шыны талшығын өндіруге арналған қондырғылар;
4.5. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тонна және одан көп болатын, минералдық талшықтар өндіруді қоса алғанда, минералдық заттарды балқыту жөніндегі қондырғылар;
4.6. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан және одан асатын және (немесе) бір пешке салу тығыздығы 300 кг/м3-ден асатын күйдіру пештерін пайдалана отырып, күйдіру, атап айтқанда, шатыр жабынқышын, кірпішті, отқа төзімді кірпішті, қыш плитканы, тас қышты күйдіру жолымен қыш өнімдері немесе фарфор бұйымдарын өндіруге арналған қондырғылар.
5. Химия өнеркәсібі:
5.1. өндірістік қуаттылығы жылына 200 тонна және одан көп болатын, химиялық жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу, фармецевтикалық калий тұздарын (хлорлы, күкірт қышқылын, сақат) өндіруді қоспағанда, химиялық өнімдер (химикаттар), фармацевтикалық өнімдер, лактар, эластомерлер мен пероксидтер өндіру;
5.2. химиялық процестерді қолдана отырып, жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді, қару мен пиротехникалық бұйымдарды жоюға арналған қондырғылар;
5.3. химиялық немесе биологиялық процестер ақуызды жемшөп қоспаларын, ферменттерді және басқа ақуыз заттарды өндіру үшін пайдаланылатын химиялық қондырғылар.
6. Қалдықтарды басқару:
6.1. өнімділігі жылына 500 тонна және одан көп болатын қауіпті қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.2. өнімділігі сағатына 3 тоннадан асатын коммуналдық қалдықтарды өртеуге арналған қондырғылар;
6.3. инертті қалдықтар полигондарын қоспағанда, тәулігіне 10 тоннадан көп қауіпті емес қалдықтар түсетін немесе жалпы сыйымдылығы 25 мың тоннадан асатын полигондар;
6.4. өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан асатын, қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.5. өнімділігі жылына 2500 тоннадан асатын, қауіпті емес қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.6. қалдыққойма;
6.7. жылу электр станцияларында түзілетін қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіру;
6.8. 1 мың м2-дан асатын аумақта немесе жылына 1 мың тоннадан жоғары көлемде темір сынықтарын және (немесе) кәдеге жаратуға жататын көлік құралдарын сақтауға арналған алаңдар;
6.9. өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан жоғары қоқыс сұрыптау кәсіпорындары;
6.10. қоймаларының алаңы 100 м2-ден көп болатын, құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар, қатты әсер ететін улы заттар бар ашық және жабық қауіпті қалдық қоймалары.
7. Көлік:
7.1. әуежайлар мен әуеайлақтар салу;
7.2. ұзындығы 1 км және одан көп және (немесе) өткізу қабілеті сағатына 1 мың автомобиль және одан көп болатын автомобиль жолдарын салу;
7.3. тек қана немесе басым түрде жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын трамвай және жерүсті желілері, метрополитендер, аспалы желілер немесе басқа да ұқсас желілер;
7.4. ішкі су жолдарын салу, канал тарту және су басуды болғызбау жөніндегі жұмыстар;
7.5. балықшы гаваньдарын қоса алғанда, су порттары мен порт құрылысжайларын салу.
8. Су ресурстарын басқару:
8.1. бассейндер мен өзен жүйелері арасында су ресурстарын бұру жөніндегі жұмыстар, бұл ретте бұрылатын су көлемі жылына 5 млн.м3 асады (су құбыры ауызсуын бұруды қоспағанда);
8.2. ұсталған немесе сақталған судың жаңа немесе қосымша көлемі 100 мың м3 асатын, суды ұстауға немесе тұрақты сақтауға арналған бөгеттер мен басқа да құрылысжайлар.
8.3. жерүсті және жерасты суларын алу немесе жыл сайынғы алынатын немесе толықтырылып отыратын су көлемі 250 мың м3-ге балама немесе одан асатын жерасты суын жасанды толықтыру жүйелері;
8.4. эрозияға қарсы күресу бағытталған су объектілерінің жағалау аймақтарындағы жұмыстар, дамбалар, молдар, кемежайлар және басқа да теңіз құрылысжайларын салу, оған осындай құрылысжайларға қызмет көрсету мен реконструкциялау кірмейді;
8.5. қуаттылығы тәулігіне 5 мың м3 жоғары болатын сарқынды суды тазартуға арналған құрылысжайлар.
9. Целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі:
9.1. өнімділігі тәулігіне 20 тонна және одан көп болатын қағаз және картон өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар;
9.2. өнімділігі тәулігіне 200м3 болатын, байланыстырушы материалдар ретінде синтетикалық шайырларды пайдалана отырып, сүрек-жоңқалы және сүрек-талшықты тақталар өндіру.
10. Өзге де қызмет түрлері:
10.1. ұзындығы 5 км-ден көп болатын, мұнайды, химиялық заттарды, газды, буды және ыстық суды тасымалдауға арналған құбылар мен өнеркәсіптік құрылысжайлар;
10.2. 110 киловольттен (кВт) бастап электр берудің әуе желілерімен электр энергиясын беру;
10.3. мыналар бойынша мал шаруашылықтары:
10.3.1. ауыл шаруашылығы құсын (5 мың бас және одан көп) өсіру жөніндегі объектілер;
10.3.2. шошқа (500 бас және одан көп), мегежін (100 бас және одан көп) асырау және өсіру;
10.3.3. ірі қара мал (1500 бас және одан көп) өсіру;
10.3.4. қой өсіру (15 мың бас және одан көп);
10.4. сыйымдылығы 10 мың тоннадан жоғары органикалық отын түрлерін жерүсті сақтау қоймалары;
10.5. сыйымдылығы 10 мың м3 жоғары табиғи газды сақтау қоймалары;
10.6. өңделетін материалдар көлемі тәулігіне 10 тоннадан асатын талшықты немесе тоқыманы алдын ала өңдеуге (жуу, ағарту, мерсерлеу), бояуға арналған қондырғылар;
10.7. былғары мен терi илеу жөніндегі кәсіпорындар;
10.8. ұшаны қайта өңдеу жөніндегі қуаттылығы тәулігіне 10 тоннадан бастап қасапханалар;
10.9. мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қоры шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда, өнімділігі жылына 5 мың тонна өнімнен жоғары болатын ет өңдеу кәсіпорындары (ет комбинаттары);
10.10. өнімділігі жылына 100 мың тоннадан жоғары мал еті мен өсімдіктер өнімдерін қаптау және консервациялау;
10.11. балық ұнын және балық майын өндіру жөніндегі кәсіпорындар (жылына 5 мың тоннадан жоғары өнім);
10.12. жылына 20 мың тоннадан бастап өсімдік және мал майы мен тоңмай өндіру;
10.13. тәулігіне 1500 л жоғары сыра қайнату және ашыту;
10.14. тәулігіне 5 мың л жоғары тағамдық спирт өндіру;
10.15. крахмалды өнеркәсіптік өндіру жөніндегі кәсіпорындар (тәулігіне 50 мың тоннадан жоғары өнім);
10.16. өнімділігі жылына 150 мың тонна өнімнен жоғары болатын қант зауыттары;
10.17. өнімділігі жылына 10 мың тонна өнімнен жоғары кондитерлік өнімдер мен шәрбаттар өндіру;
10.18. тәулігіне 5 мың л жоғары сүт өнімдерін өндіру;
10.19. жануарлардың өлекселерін жоюға арналған қондырғылар; жануарлардың өлекселерін шұңқырға көметін мал қорымдары;
10.20. тері қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен, жануарлардың басқа да қалдықтарынан мен лақтырындылардан желім дайындайтын желім қайнату кәсіпорындары;
10.21. қоймада сақтай отырып, сүйектен, тері шелінен, тері қалдықтарынан және жануарлардың басқа да қалдықтары мен лақтырындыларынан техникалық желатин өндіру;
10.22. өлген жануарлардың, балықтың өлекселерін, оның бөліктерін және жануарлардың басқа да қалдықтары мен лақтырындыларын қайта өңдеу (майға, жануарларға арналған жемшөпке, тыңайтқыштарға айналдыру) жөніндегі кәдеге жарату зауыттары;
10.23. сүйекті өртейтін және сүйекті ұсақтайтын зауыттар;
10.24. бастапқы орман екпелері және жерді пайдаланудың басқа типі үшін жер учаскелерін қайта құру мақсатында орманды теңестіру;
10.25. тәулігіне 1 тоннадан бастап көң пен қи сақтау қоймалары;
10.26. фенолформальдегидті престелген материалдар, фенолформальдегид шайырлары негізінде қағаздан, маталардан престелген және орау бұйымдарын өндіру.
10.27. өнімділігі жылына 1 мың тоннадан жоғары болатын полимерлер, эластомерлер, синтетикалық каучуктар, эластомерлер негізіндегі бұйымдар өндіру немесе өңдеу;
10.28. жүк айналымы жылына 150 мың тоннадан көп болған кезде апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаң болатын жүктерді түсіретін орындар;
10.29. сұйық химиялық жүктер мен сұйытылған газды (метанды, пропанды, аммиакты және басқаларын), галогендер, күкірт, азот, көмірсутектерінің (метанолдың, бензолдың, толуоланың және басқаларының), спирттердің, альдегидтердің өндірістік қосылыстарын және басқа да химиялық қосылыстарды қайта тиеу және сақтау орындары;
10.30. тазарту және жуу-булау станциялары, дезинфекциялау-жуу объектілері, кемелерді, цистерналарды тазалау пункттері, балласт және шайынды-құрамында мұнай бар суды арнайы қалқымалы жинағыштардан қабылдауға арналған қабылдау-тазарту құрылысжайлары;
10.31. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, олардың күзет және буферлік аймақтарында объектілерді орналастыру және қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыру.
11. Туризм және демалыс:
11.1. суығыстырымдығы 1 тоннадан жоғары болатын 25-тен көп кемеге есептелген қайық станциялары;
11.2. 2 га көп алаңдағы тақырыптық саябақтар;
11.3. 1 гектардан көп алаңдағы тау шаңғысы курорттары, рекреациялық кешендер, отель кешендері (және олармен байланысты объектілер).
12. Кез келген жаңа орында генетикалық түрлендірілген организмдерді қоршаған ортаға әдейі босату, генетикалық түрлендірілген организмдерді тұйық жүйелерде пайдалану жөніндегі қызмет.
13. Осы қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген, тек қана немесе басым түрде жаңа әдістерді немесе бұйымдарды дамыту мен сынауға арналған ұйғарылып отырған қызмет түрлері.
Ескертпе. Осы қосымшаның 1 және 2-бөлімдеріндегі қызмет түрлері немесе объектілері сәйкес келген кезде осы қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген мәндерден төмен сипаттайтын сандық көрсеткіштері бар қызмет түрлері мен объектілері 2-бөлімге жатады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-қосымша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021 жылғы 2 қаңтардағы
№ 400-VI ҚРЗ Қазақстан
Республикасының
Экология кодексіне
2-қосымша
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ, немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І санаттағы
объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп
отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1. Энергетика:
1.1. газды қоспағанда, жалпы номиналды жылу қуаттылығы 50 мегаватт (МВт) немесе одан көп болатын станцияларда отынды жағу;
1.2. газбен жұмыс істейтін, қуаттылығы 500 мегаватт (МВт) энергия өндіретін станциялар;
1.3. көмірсутектерді барлау және өндіру, көмірсутектерді қайта өңдеу;
1.4. кокс өндіру;
1.5. газдандыру немесе сұйылту, олар:
1.5.1. көмір;
1.5.2. жалпы номиналды жылу қуаттылығы 20 мегаватт (МВт) және одан көп болатын қондырғылардағы отынның басқа да түрлері.
2. Металдарды өндіру және өңдеу:
2.1. металл кенін (сульфидті кенді қоса алғанда) күйдіру немесе қақтау;
2.2. өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан асатын, үздіксіз құюды қоса алғанда, шойын, ферроқорытпалар немесе болат өндіру (бастапқы немесе қайталама балқыту);
2.3. қара металдарды өңдеу:
2.3.1. өнімділігі сағатына 20 тонна шикі болаттан асатын, ыстықтай илемдейтін орнақтарды пайдалану;
2.3.2. тұтынылатын жылу қуаттылығы 20 мегаваттан (МВт) асатын, бір балғаға энергия қуаттылығы 50 килоджоулдан (кДж) асатын ұста балғаларды пайдалану;
2.3.3. сағатына 2 тоннадан асатын, шикі болат бере отырып, қорғаныш бүркілген металл жабындарды жағу;
2.4. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан асатын қара металдарды құю;
2.5. түсті металдарды өндіру және қайта өңдеу:
2.5.1. металлургиялық, химиялық немесе электролиттік процестер арқылы кеннен, концентраттардан немесе қайталама шикізат материалдарынан қышқылсызданбаған түсті металдарды өндіру;
2.5.2. түсті металдарды, оның ішінде рекуперацияланған өнімдерді легирлеуді қоса алғанда, қорыту және балқыту қуаттылығы: