Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 541 қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Р-43 Рудный қаласының Батыс айналма жолы 6,9»;
«Жиыны» деген жолдағы «23046» деген сандар «23052,9» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
12 «Көлiк және байланыс» деген функционалдық топта:
215 «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген әкiмшi бойынша:
002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» деген бағдарламада:
005 «Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру» деген кiшi бағдарламада:
«Астана - Қостанай - Челябi - автожолын қайта жаңарту» деген жолдағы «6652045» деген сандар «6428660» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту 166000» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту 223385»;
3) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
реттік нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:
«360,34», «6554710» деген сандар тиiсiнше «367,24», «6331325» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы 9,24 км 466000 мың теңге сомасына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi № 263-ПИР бұйрығы)»деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Рудный қаласының Батыс айналма жолы - 6,9 км 223 385 мың теңге сомасына»;
7-тармақта «360,34» деген сандар «367,24» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |