отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелердi немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. Бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
1. Қарауында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының:
1) бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;
2) бала туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік және орталықтандырылған есебіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қою үшін оны отбасыға орналастыру мүмкіндігін көрсетуге жататын деректерді жасыру;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік, орталықтандырылған есебінде балалардың бар-жоғы туралы мәліметтерді және олар туралы деректерді жекелеген азаматтарға, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға заңсыз жария ету;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасаған бұзушылығы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:
1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) өткізбей беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру мерзімдерін бұзу;
14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;
15) сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. Кен орны учаскелерiн таңдап өңдеу
1. Кен орны учаскелерiн пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына әкеп соғатын таңдап өңдеу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, кен орны учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi сақтамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттердi бұзып су алу, рұқсат берілген көлемнен асыру, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосылу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын:
1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бұзушылықтар;
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстаудың қорғау міндеттемелерінде жазылған шарттарын бұзушылықтар;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын заңсыз ауыстыру және оларды өзгерту;
5) аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектiлердi анықтау жөнiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзбеу;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу түрінде жасалған бұзу -
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау
1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы -
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру -
үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бiр жүз елу, лауазымды адамдарға - бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. Кәсiпкерлiк қызмет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 152-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе көлiгiнің және пошта операторының жұмыскерлері жасаған бұзушылық -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал - iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс - iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны - едәуiр мөлшер деп танылады.
154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы