Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 303 қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
«2026 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;
«2039 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы;
«2040 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы;
«2087 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының Бейнеу кенті;
«2456 «б» әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«9824 әскери бөлімі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«2026 әскери бөлімі.
2039 әскери бөлімі.
2040 әскери бөлімі.
2087 әскери бөлімі.
2456 «б» әскери бөлімі».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |