«Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға банктік шоттардың бар екендігі, нөмірлері туралы және бұл шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке тұлғалардың, бейрезидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
1-2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;»
110) 81-тараудың 8-параграфы мынадай мазмұндағы 583-1-баппен толықтырылсын:
«583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері
1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, бірыңғай тіркеуші, брокерлер және (немесе) дилерлер:
1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға;
2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған, бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:
1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға;
2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:
1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға бейрезидент жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға;
2) уәкілетті органның сауалы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
111) 586-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың 112) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
112) 588-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе азайтуды қамтитын:
тексеру нәтижелері бойынша;
тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша есепке жазылған сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомасы болып табылады.»;
113) 589-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық есептілігін ұсыну күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып есептелген, азайтылған сомалар;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сомалар ұлттық валютада жүргізіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын;
«Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы есептелген немесе азайтылған соманы салық есептілігін ұсынған және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен жеке шотта туындаған айырма сомасына түзетуді жүргізеді. Түзету мөлшері төлеу жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып айқындалады.»;
2-тармақтың 114) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
114) 591-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары жөніндегі хабарламалардың негізінде жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есепке жазылған соманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - есепке жазылған сома) есепке алу салықтық тексеру аяқталған күн көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жеке шотта жүргізіледі.»;
115) мынадай мазмұндағы 605-1-баппен толықтырылсын:
«605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару
1. Уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындысының соттың заңды күшіне енген шешімімен күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның уәкілетті орган бекіткен нысандағы салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсатында - қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
Қайтаруға арналған өтінішке:
1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
2) уәкілетті заңды тұлғаның салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына ұлттық валютада жүргізеді.»;
2-тармақтың 116) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
116) 607-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы жөніндегі - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
117) 608-баптың 6-тармағы «салық органы» деген сөздерден кейін «электрондық тәсілмен не» деген сөздермен толықтырылсын;
118) 609-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) банкрот деп танылған жағдайда - салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту жоспарын бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда - осындай келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған салық төлеушінің салық міндеттемелері бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады.»;
3-2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
119) 610-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Өсімпұл:
1) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған;
2) оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген;
3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды.
Бұл ретте:
1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда - сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.»;
2-тармақтың 120) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
120) 613-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың;»;
10-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның шешім шығару немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда - осындай шағым қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етуді шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
121) 614-бапта:
2-тармақтың 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану - оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап қолданылмайды;»;
122) 617-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген, билік ету шектелген мүліктің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аз болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.»;
123) 618-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2-тармақтың 124) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 623-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын:
1) барлық активтерінің теңгерімдік құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325000 еселенген мөлшерін құрайтын;
2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторингтеуге жатады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
2) активтердің теңгерімдік құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
3) жұмыскерлерінің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.
Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
2) ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы мынадай:
кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған;
жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;
2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.»;
2-тармақтың 125) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
125) 627-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүзеге асыратын тексеру.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылуы;»;
9-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші бөліктің жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты - осы шағымда жазылған мәселелер бойынша;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
2-тармақтың 126) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
126) 629-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысы салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзімінің өту барысы шетел мемлекеттеріне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен ол бойынша салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзiмiнің өту барысы салық төлеушiге (салық агентiне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету күні мен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылық берген күннің, сондай-ақ салық органы салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын алған күн мен осындай қарсылыққа шешім шығарылған күннің арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып табыс етуге немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге міндетті.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер;»;
6) тармақшадағы «жағдайда салықтық тексеру мерзіміне кірмейді.» деген сөздер «жағдайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі ұсынылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;