«2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;»;
2-тармақтың 49) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 231-баптың 3-тармағының 25) тармақшасындағы «алуы - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «алуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;
27) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;
28) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
50) 237-бапта:
2-3 және 8-тармақтар алып тасталсын;
2-тармақтың 50) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:»;
51) 238-баптың 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Шетел валютасымен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.»;
52) 239-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні қамтылған қосымша шот-фактура немесе осы Кодекстің 263-бабы 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда бақылау-кассалық машинаның чегi болған кезде жүргізіледі.»;
53) 241-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым осындай айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.»;
54) 244-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында - бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;»;
55) 244-1-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар, шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
авиакомпанияның атауы;
құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
әуе кемесіне май құйылған күн;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолтаңбалары.
Осы тармақшаның ережелері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;»;
3) тармақша алып тасталсын;
56) 248-баптың 10) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 56) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауларға байланысты жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің, әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:
1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;»;
«20) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілген ақшалай нысандағы қарыз операциялары;»;
2-тармақтың 56) тармақшасының сегізінші - он екінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) мемлекет атынан алушы үшін:
жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан өткізушінің өткізуі;
жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу;
27) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның шығыстарын өтеу қосылған құн салығынан босатылады.»;
57) 255-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өткізілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына»;
58) 256-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мынадай күндердің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;
шот-фактураны жазып беру күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
3-4-тармақ және 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
2-тармақтың 59) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) 258-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындаған;»;
4 және 4-1-тармақтардағы «1) - 3) және 7)» деген сөздер «1) - 3), 7) және 7-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 263-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда:
1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;
2-тармақтың 60) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
2-тармақтың 60) тармақшасының жетінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер жазып беруге міндетті.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген салық төлеушілер:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық нысанда жазылып берілуге тиіс.»;
14-2-тармақ алып тасталсын;
15-тармақтың 6) тармақшасындағы «көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.» деген сөздер «көрсетілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.»;
16-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 61) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
61) 272-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасында:
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;
салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.»;
62) 276-1-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.»;
2-тармақтың 63) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
63) 276-22-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.»;
64) 279-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық;»;
2-тармақтың 65) тармақшасы 2017 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
65) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 279-бабының 1) - 4), 4-1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
7, 12, 14 және 15-жолдарының қолданылуы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
Р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2207-ден | 80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) 100% спирт | 750 теңге/литр |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100% спирт 75 теңге/литр |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 2550 теңге/литр |
8. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
9. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 57 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 8700 теңге/1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 8700 теңге/1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/килограмм |
19. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
20. | 8702-ден | микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адам тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары 100 теңге/текше см | |
8703-тен | қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) |
8704-тен | қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) |
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
2-тармақтың 66) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
66) 301-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің мақсаты үшін экспорт деп:»;
2-тармақтың 67) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
67) мынадай мазмұндағы 308-2-баппен толықтырылсын:
«308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі
1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;
2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;
2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;
3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;
4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.
3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.
Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде күнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.
4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:
1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
Осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;
2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.
Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.
Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.
8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады.
Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.
10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.
11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.