заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес мәлiметтердi ұсынуы -
заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген, зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының орындамауы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);
6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша агенттердiң-заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрмау;
2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамау түрiнде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мiндеттердi орындамауы -
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуi -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
92-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының және Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердi төлемеуi -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің:
1) әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау);
3) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен әлеуметтік аударымдарды төлеушiнің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы -
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қызметкерлерді оқыту мен даярлықтан, басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден өткізу талаптарын орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және осы құжаттардың болмауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөнінде заңнама талаптарын бұзуы -
ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
95-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
96-бап. Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру
1. Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу
1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмдерде қамтамасыз етпеу -
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту -
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу -
ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу -
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын:
1) уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат бермеу;
2) уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу;
3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;
5) уәкілетті органға кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік оқытудан өткен адамдарға саны туралы алынған мамандық пен біліктіліктерді көрсете отырып мәліметтер ұсынбау түрінде жасаған бұзушылығы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыспен қамту жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді алуға өтініш білдірген тұлғалармен шарт жасаспауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау
Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау -
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11-тарау. Сайлау құқықтарына (республикалық референдумға қатысу құқығына) қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-бап. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу
Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергi келтiру
Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу -
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарамауы не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн дереу орындамауы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
107-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтерді ұсынуы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін ұсынуы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
108-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -