Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешім туралы аудан әкіміне хабарлайды.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзімін ұзарту туралы мәселені аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешеді.
Дауыс беруге дейін екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұрын тiркеуден алынған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
7. Сайлау алдындағы үгiт осы Заңға сәйкес тiркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгiт:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу;
2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, көрсетілетін қызметтер, бағалы қағаздар ұсыну, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
Кандидаттардың өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын үгіттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттар өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынастарда кандидаттардың мүдделерiн білдіретін, бесеуден аспайтын сенiм бiлдiрген адамдарының болуына құқылы.
Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарын өз қалауы бойынша айқындайды және тiркеу үшiн олар туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді.
Сенiм білдiрілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға, мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымында орналасқан адам болмауға тиiс.
Сенiм білдiрілген адамдар өздеріне кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.
Сенім білдiрілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе жеке өз бастамасымен не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiн жоғалтады.
Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
Дауыс беруге арналған пункттерден тыс жерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және оның қызметіне;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған пунктте орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге бөлінетін қаражат мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.
9. Әкімдер сайлауында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.
Әкімдікке кандидаттың сайлау қорын:
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 294 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кандидаттың өз қаражаты;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 588 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.
Сайлау қорын құрайтын ақша тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады. Көрсетілген шот бойынша кiрiстер есепке жазылмайды және төленбейдi. Сайлау қорының ақшасына билік ету құқығы тек кандидатқа ғана тиесілі болады.
Сайлау қорытындысы анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей кандидат аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына өзінің сайлау қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп ұсынуға міндетті.
10. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейінгі қырық күннен кешіктірмей тағайындайды және бір ай ішінде өткізіледі. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде өткізіледі.
Әкімдер сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындысын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі.
Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.
Әкімді сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттары - таңдаушылар отырысында өткізіледі.
Таңдаушылардың тізімдерін аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және дауыс беруге арналған пунктте ілінеді.
Егер таңдаушылардың отырысына тиiсті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады.
Аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы таңдаушылардың отырысында төрағалық етушi болып табылады.
Мәслихаттың хатшысы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын отырыс хаттамасы таңдаушылар отырысының өткізілу фактісін куәландыратын құжат болып табылады.
Таңдаушылардың отырысына тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың отырысы өткізілетін үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктті ұйымдастырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды.
Отырыс аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты анықтауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асырылуы көзделген сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
Қайта сайлау өткізу туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімде сайланған әкімді тіркейді. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне және тиісті мәслихатқа ұсынылады.
Әкім қызметіне орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Арнайы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін адам әкімнің міндеттерін уақытша атқарады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындысын және сайланған әкімді тіркеу туралы хабарламаны әкімнің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, әкімнің қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтерді көрсете отырып жариялайды.
Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Заңды басқа да бұзушылықтар болған жағдайларда, егер бұл әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Әкімдіктің, әкiмнiң актілерi
1. Әкімдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілері, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
2. Әкімдік қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актілерінiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкімдік және (немесе) әкiм актілерінiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі, жоғары тұрған Әкімдік және (немесе) әкiм, Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi Әкімдік және (немесе) әкiм актілері қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 38-баптың редакциясын қараңыз
38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты
1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2-тармақтың редакциясын қараңыз
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
Қаладағы аудан әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмi аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
3. Әкiм өкiлеттiгiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының құрылымын қоспағанда, әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
6. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 6-тармақтың редакциясын қараңыз
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды
38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
38-1-баптың 1 - 7-тармақтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асырады.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі өкiлеттiктерiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
38-1-баптың 9 - 10-тармақтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
10. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;
4) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 39-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негіздері
Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіруінің осы бапта көзделген негіздерден басқа, қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің:
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;
3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 39-3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары
1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиыны жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелер:
1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілетін қатысушылардың құрамын айқындау;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
3. Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер:
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1) тармақшаның редакциясын қараңыз
1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
2) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)