18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбiрленушi:
1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кез келген медициналық мекеменiң қызметiн пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен аталған адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi беру жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтетуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
18-1-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлiк құралының тiркелген жерiне, көлiк құралының түрiне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргiзу стажына, көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған адамдардың кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесi) осы баптың 3-10-тармақтарында белгiленген коэффициенттер қолданылады.
Осы Заңда көзделмеген өзге негiздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе ұлғайтуға жол берiлмейдi.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
3. Көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
13. | Атырау облысы | 2,69 |
14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15. | Алматы | 2,96 |
16. | Астана | 2,2 |
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген облыстардағы өзге де қалалар мен елдi мекендер үшiн жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициентi қосымша пайдаланылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
6. Көлiк құралының түрi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының түрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жеңіл автомобильдер | «В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | «С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | «А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | «Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары | 1,00 |
7. Жеке тұлғалар үшiн жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
8. Заңды тұлғалар үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерiнде белгiленедi.
9. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
2. | 7 жылдан жоғары | 1,10 |
10. Сақтандыру мерзiмi аяқталған соң тиiстi сынып берiле отырып, «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып | Коэффициент мөлшері | Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып |
0 сақтандыру жағдайы | 1 сақтандыру жағдайы | 2 сақтандыру жағдайы | 3 сақтандыру жағдайы | 4 және одан көп сақтандыру жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М сыныбы | 2,45 | 0 | М | М | М | М |
0-сыныбы | 2,30 | 1 | М | М | М | М |
1-сыныбы | 1,55 | 2 | М | М | М | М |
2-сыныбы | 1,40 | 3 | 1 | М | М | М |
3-сыныбы | 1,00 | 4 | 1 | М | М | М |
4-сыныбы | 0,95 | 5 | 2 | 1 | М | М |
5-сыныбы | 0,90 | 6 | 3 | 1 | М | М |
6-сыныбы | 0,85 | 7 | 4 | 2 | М | М |
7-сыныбы | 0,80 | 8 | 4 | 2 | М | М |
8-сыныбы | 0,75 | 9 | 5 | 2 | М | М |
9-сыныбы | 0,70 | 10 | 5 | 2 | 1 | М |
10-сыныбы | 0,65 | 11 | 6 | 3 | 1 | М |
11-сыныбы | 0,60 | 12 | 6 | 3 | 1 | М |
12-сыныбы | 0,55 | 13 | 6 | 3 | 1 | М |
13-сыныбы | 0,50 | 13 | 7 | 3 | 1 | М |
Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлетiн «бонус-малус» жүйесi бойынша сыныптың есебi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебi сақтандырушының «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттердi қолдануы үшiн негiз болып табылады.
Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жаңа мерзiмге жасасу кезiнде осы баптың 10-тармағында келтiрiлген кестеге сәйкес төмендетiлген коэффициенттi қолданады.
Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды және уәкiлеттi органды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.
12. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып берiледi.
13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС*n / N, мұнда:
СС - он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
ЖСС - жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi (күнмен);
N - 365 күн (кiбiсе жылы 366 күн).
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС * K, мұнда:
СС - Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
К - осы баптың 14-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңіне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:
Р/с № | Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі | Коэффициент |
1 | 15 күнге дейін (қоса алғанда) | 0,2 |
2 | 16 күннен 1 айға дейін | 0,3 |
3 | 2 ай | 0,4 |
4 | 3 ай | 0,5 |
5 | 4 ай | 0,6 |
6 | 5 ай | 0,65 |
7 | 6 ай | 0,7 |
8 | 7 ай | 0,8 |
9 | 8 ай | 0,9 |
10 | 9 ай | 0,95 |
11 | 10 ай және одан да көп | 1 |
15. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең болып белгiленедi.
16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледi және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуiне жатады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі
1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды сақтандырушы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, зиян мөлшерін айқындау туралы өтініштің негізінде жүргізеді.
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.
Мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
5. Жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушы айқындаған зиян мөлшерімен келіспеген кезде, жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушы айқындаған зиян мөлшеріне сотта дау айтуға құқылы.
Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
Сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының) сұрау салуы бойынша мүлікке келтірілген зиянның айқындалған мөлшеріне қатысты дауды қарауға және шешуге қатысты кез келген құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
6. Сақтандыру оқиғасын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
Көлiк оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгi нысандары уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
23-бап. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері
1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуына - 1000,
мүгедектiктiң:
I тобы белгiленуiне - 800,
II тобы белгiленуiне - 600,
III тобы белгiленуiне - 500,
«мүгедек балаға» - 500;
мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 ) және3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, алу тәртібін көрсетiп, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисiнiң көшiрмесi не бар болған кезде көрсетiлген сақтандыру полисi бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисiнiң нөмiрi, берiлген күнi) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi) мәлiметтердiң бiрi;
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);