29) 146-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «инспекторлар;» деген сөз «инспекторлар жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
екінші бөліктегі «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдардың» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының» деген сөздер «аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 147-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің функциялары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық уәкілетті орган осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
2. Аумақтық бөлімшелер жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, атап айтқанда:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;
6) мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;
7) жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне;
8) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;
9) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
10) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;
11) жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;
12) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
13) азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;
14) межелік белгілердің сақталуына;
15) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;
16) бүлінген жерлердің рекультивациялануына;
17) жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
18) жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.»;
2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
31) 148-баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге;
5) ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және жер пайдаланудағы жер учаскелерiн зерттеп-қарауға, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды көрсеткен кезде оларға барудың белгiленген режимiн ескере отырып, зерттеп-қарауға;
6) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындау үшін міндетті нұсқамалар беруге;»;
32) 158-баптың 3-тармағындағы «(жоспарлармен)» деген сөз алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 4-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары;»;
3) 6-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы «жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-баптағы «жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес заңды тұлғаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 84-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға», «заңдарында белгіленген тәртіппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға» деген сөздер тиісінше «Орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға», «заңнамасында белгіленген тәртіппен орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар» деген сөздер «орман иеленушілер және (немесе) орман пайдаланушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 112-2-баптағы «Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 119-баптың 2-тармағындағы «органы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
282-баптың 8-1-тармағының бірінші бөлігі «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2-тармағындағы «және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-1-бапта:
1-тармақ «саласындағы уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «операторлары» деген сөзден кейін «мен дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан» деген сөз «осы баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларында және осы Заңның 8-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуға тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату
1. Телекоммуникациялар желілерінде телерадио хабарларын тарату телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдарын және байланыс жолдарын пайдаланып теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 279-жолындағы «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)» деген сөздер «сауда-саттықта (аукциондарда)» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
3), 4), 5), 6) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын.
8-тармақ 2021 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы «2021 жылғы 31 желтоқсанға» деген сөздер «2026 жылғы 31 желтоқсанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптағы «2021 жылғы 31 желтоқсанға» деген сөздер «2026 жылғы 31 желтоқсанға» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 13-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.».
2-бап. Осы Заң, 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 маусым
№ 59-VII