ҚР Президентінің 2019.13.06. № 13 Жарлығымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Құпия.
ҚР Президентінің 2019.13.06. № 13 Жарлығымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Бастық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:
1) Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастырады, Мемлекеттік күзет қызметі дамуының негізгі бағыттарын айқындайды;
2) күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабқа басшылық етеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана жедел штабының басшыларын айқындайды.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларды өткізу, оларды өткізу кезеңінде терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
3) Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;
4) ведомство мен құрылымдық бөлімшелердің күзетілетін адамдар мен объектілердің, Мемлекеттік күзет қызметі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібін, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ күзетілетін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарғыш қондырғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру мен жою тәртібін айқындайды;
5) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және жауынгерлік техниканы қолдану тәртібін айқындайды;
6) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін жауынгерлік және арнаулы даярлау бағдарламасын және қару мен арнаулы құралдарды ұстау кезіндегі қауіпсіздік шараларын бекітеді;
7) Мемлекеттік күзет қызметі жедел қамтамасыз етуді жүзеге асыратын объектілер мен арнайы трассалар учаскелерінің тізбесін, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілерінде және күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді келісу тәртібін айқындайды;
8) Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосының, құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің ережелерін, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Республика Президенті бекіткен штат саны мен осы мақсат үшін бөлінген қаражат шегінде қолданыстағы резерв офицерлерінің санын айқындайды;
9) ұйымдық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге мәселелерді шешуде Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен лауазымды адамдарының өкілеттіктерін айқындайды;
10) Айрықша мақсаттағы күштерін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерімен, сондай-ақ шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жасақтау тәртібі мен жоспарын айқындайды;
11) Мемлекеттік күзет қызметі лауазымдарының номенклатурасын, қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді;
12) Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешімді белгіленген тәртіпте қабылдайды;
12-1) Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы және шартты атауын қолдану тәртібін айқындайды;
13) Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымдар санатына қойылатын біліктілік талаптарын, қызметке үміткерлерді іріктеу және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке үміткерлерге тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды, дене шынықтыру дайындығын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінде полиграфологиялық зерттеулерді өткізу және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін айқындайды;
14) Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпы әскери есептен шығарып, Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке қабылдайды, оларға полковникті қоса алғанда, арнаулы және әскери атақтар береді. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін өзі белгілеген тәртіпте еңбек сіңірген жылдарына есептеуі мүмкін;
15) қызметкерлермен және әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, орын алмастыру, қызметтен босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы немесе әскери атақты беру туралы бұйрықтарды шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін айқындайды;
16) Мемлекеттік күзет қызметіне запастан қабылданатын не Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден және әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік не құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен қабылданатын және әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар азаматтарды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттаудан өткізудің және арнаулы атақ берудің тәртібін айқындайды;
17) Республика Президенті қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қызметтен немесе әскери қызметтен шығарады және қызметтер бойынша орнын ауыстырады;
18) Мемлекеттік күзет қызметінде құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін бекітеді;
19) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға жіберу бойынша мәселелерді шешеді, Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы резервіне қызметкерлерді қабылдау және олардың қызмет өткеру тәртібін айқындайды;
20) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін, жұмыскерлерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады. Қол астындағы әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында айқындалған құқықтарды толық көлемде қолданады. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жазалар қолдану бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;
21) бейбіт уақытта, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдарын қолдану тәртібін айқындайды;
22) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғылатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою туралы нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;
23) жоғары офицерлік құрамға арнаулы және әскери атақтар беру және қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, жұмыскерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы Республика Президентіне ұсынымдар енгізеді;
24) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің арнаулы киім нысанын киіп жүру тәртібін айқындайды, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін белгілейді;
25) Мемлекеттік күзет қызметіне тиістілігін білдіретін, қару-жарақта, әскери және арнаулы техникада орналастыратын ерекшелік белгілерін, айырым белгілерін және бөлімшелердің эмблемаларын, айрықша белгілерді, сондай-ақ оларды киіп жүру және орналастыру тәртібін бекітеді;
26) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасын, жетондар үлгілерін, зейнеткерлік куәліктердің нысандарын бекітеді, оларды беру және пайдалану тәртібін айқындайды;
27) Мемлекеттік күзет қызметінің қара беретін киіп жүру құқығын қоса алғанда, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, төмендету және алу тәртібін айқындайды;
28) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, оларға материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды;
29) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің қызметтік іссапарлары туралы нұсқаулықты бекітеді;
30) тұрақты жұмыс істейтін ведомстволық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
31) Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкіне және ақшалай қаражатына билік етеді. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз етудің және лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін айқындайды, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлерге еңбекақы төлеу туралы нұсқаулықты бекітеді;
32) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шараларын жүргізу аймағында өткізу режимін жүзеге асыру кезінде қаруды, оқ-дәрілерді және өзге де заттарды уақытша сақтауға қабылдау тәртібін айқындайды;
33) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, заңды тұлғаларымен, сондай-ақ шет елдердің арнаулы, құқық қорғау және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Мемлекеттік күзет қызметінің атынан өкілдік етеді;
34) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгізеді;
35) Мемлекеттік күзет қызметінің регламентін бекітеді;
36) Мемлекеттік күзет қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілік алады;
37) Мемлекеттік күзет қызметінде ақпараттық жүйелерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сақтау, өңдеу, беру және оларға жіберу қағидаларын бекітеді;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бастық болмаған кезеңде оның міндеттерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
28. Бастық қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
29. Бастыққа тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік күзет қызметінің аппараты ведомство мен құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады, Мемлекеттік күзет қызметінің іс-әрекетін ақпараттық-талдау, құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының Аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.
30. Мемлекеттік күзет қызметіне кіру және қызмет өткеру тәртібі «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Айрықша мақсаттағы күштері мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардан, сондай-ақ шақыру мен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерден заңнамада белгіленген тәртіпте жасақталады.
Айрықша мақсаттағы күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды Айрықша мақсаттағы күштеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Айрықша мақсаттағы күштеріне мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін іріктеу басымдық болып табылады.
31. Құпия.
32. Жедел-қызметтік іс-әрекеттердің барынша маңызды мәселелерін қарау, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау және олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Мемлекеттік күзет қызметінде Алқа құрылады.
Алқаның шешімдері Бастықтың бұйрығымен жарияланады. Алқаның міндеттері, өкілеттіктері, қызметінің тәртібі мен дербес құрамы Бастық бекітетін ережемен реттеледі.
33. Мемлекеттік күзет қызметінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады.
34. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.
35. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне мемлекеттік органдағы қызмет өтіліне лауазымдық жалақылары және сауықтыруға жәрдемақылары есептелетін коэффициенттерді белгілеу үшін қызмет өткерген бір айға бір жарым ай есебінен есептеледі.
Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте жеңілдік жағдайында жүргізіледі.
36. Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет атқаруы жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және өздігінен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.
Күзетілетін адамдар және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу барысында Мемлекеттік күзет қызметінің аға лауазымды тұлғасы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.
4. Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі
37. Мемлекеттік күзет қызметінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ негізгі қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
38. Мемлекеттік күзет қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік күзет қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату
40. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Айрықша мақсаттағы күштерінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. «Айбын» президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі.
2. «Батыр» президенттік полкі» 0111 әскери бөлімі.
3. 0116 әскери бөлімі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына: (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж.,№ 33, 419-құжат; 2013 ж., № 79, 1151-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
мәтін бойынша «Президенттің Күзет қызметінің бастығы» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық ұланның қолбасшысы,» деген сөздер алынып тасталсын.
4. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 470 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚБП.
6. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 470 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат; 2013 ж., № 37, 542-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуына 5 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери лауазымда болу уақыты оның бірінші басшысының шешімімен анағұрлым ұзақ мерзімге белгіленуі мүмкін.».
8. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат; 2010 ж., № 46, 416-құжат; 2013 ж., № 26, 409-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
23, 31, 46, 47, 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Сыртқы істер министрі мейманға Қазақстан тарапынан қарсы алушы ресми адамдарды таныстырады. Содан соң мейман Сыртқы істер министрімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) құрметті қарауылы оның бойымен екі жағынан сапқа тұрған кілемше үстімен қысқаша әңгімелесу үшін әуежай ғимаратының VІР-бөлмесіне өтеді (әңгімелесу кезінде шай, сусын беріледі).»;
«31. Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүреді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман және Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтеді (мейман сапқа жақын жүреді), мейман басын сәл иіп құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, шағын құрамдағы кездесуге өтеді.»;
«46. Мейман бекітілген лауазымды адаммен бірге Отан қорғаушылар монументіне (бұдан әрі - монумент) келеді. Мейманды монументтің жанында құрметті қарауыл бастығы және Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады.
47. Мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауылды бойлай өтіп, гүл шоғын көтерушілерге беттейді. Салтанатты-рәсімдік музыка ойнайды. Мейман елінің делегациясы монументтің төменгі алаңында сапқа тұрады. Гүл шоғын көтерушілер монументке қарай жүреді. Мейман олардың соңынан 1,5-2 м қашықтықта жүріп отырады. Монументтің іргесіне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдестені) қойғаннан кейін мейман гүл себетіне (гүл шоғына, гүлдестеге) жақындап келіп, лентасын түзейді. Бір минут үнсіздік. Бұдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалады. Мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады.
48. Содан кейін Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) мейманды монумент кешенімен таныстырады. Кешенді қарап болғаннан кейін мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауыл ротасының салтанатпен жүріп өтуін қарау үшін арнайы бөлінген орынға келеді.
Содан соң мейман Астана қаласының әкімімен (әкімнің орынбасарымен) бірге ағаш отырғызатын жерге бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсімі аяқталғаннан кейін делегация кортежге беттейді де жүріп кетеді.»;
66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Мемлекеттік әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше үстімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай өтеді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтіп (мейман сапқа жақын жүреді), бастарын сәл иіп, құрметті қарауыл бастығымен қоштасады және жүзбе-жүз кездесуге өтеді.»;
86-тармақтың бірінші бөлігі, 94, 100, 111-тармақтар, 115-тармақтың бірінші бөлігі, 119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.»;
«94. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) айналысады.»;
«100. Объектілерді қорғау қызметі әскери қызметшілерінің парадтық есептоптары марш әуенімен ұлықтау өткізілетін залға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Президенттің байрағын және Қазақстан Республикасының Конституциясын әкеледі.»;
«111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Президент Әкімшілігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;
«115. Президенттің жұмыс бабындағы сапар бағдарламасын дайындау және қамтамасыз ету үшін ол жерлерге алдын ала Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, Президент Әкімшілігінің баратын өңірді қадағалайтын мемлекеттік инспекторы барады.»;
«119. Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары ілінеді. Ұшу алаңында Объектілерді қорғау қызметінің құрметті қарауылы сап түзейді.»;
135-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.»;
143-тармақ, 145-тармақтың бірінші бөлігі, 147, 155, 170, 186-тармақтар, 200-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп пен делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Мемлекеттік күзет қызметі айналысады.»;
«145. Сыртқы істер министрлігі Премьер-Министрдің шет мемлекеттерге сапарының мерзімдерін келіседі. Сапарды ұйымдастыру үшін құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің, Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;
«147. Ұйымдастыру мәселелерін шешу және Премьер-Министрдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірлерге алдын ала жұмыс тобы жіберіледі, оның құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің және Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері енгізіледі.»;
«155. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі қонақтардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.»;
«170. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларының елде болу уақытындағы қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.»;
«186. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда, бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.»;
«200. Шет мемлекеттердің елшілері салтанатты рәсімдер залында кілемше бойымен арнайы белгіленген орынға (кілемге) өтеді. «Ақорда» Президент резиденциясының (Президент Сарайының) коменданты сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.»;