6) нотариустардың кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) лицензиарға нотариусқа қатысты жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;
9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді;
10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады;
11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды;
12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселені қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді, ал қажет болған жағдайларда - өз түсініктемелерін, оның ішінде кәсіптік әдепті сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелерін ұсынуын талап етуге құқылы.»;
18) 28-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) нотариаттық палата мүшелерінің тәртіптік жауаптылығы және оған тартудың осы Заңның талаптарына сәйкес тәртібі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) нотариаттық палатаның ақша қаражаты мен өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі және оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке билік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;»;
19) 29-бапта:
2-тармақта:
6) тармақшадағы «ар-ождан» деген сөз «әдеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) нотариаттық палаталардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы қорытады;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып - сайланған күніне дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.»;
20) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.»;
21) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын және олардың іс қағаздарын жүргізу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;»;
22) 34-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
23) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бір адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенімхатты куәландырады.»;
24) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мұраға құқық туралы куәлік мұрагерлердің мұраға қалатын әрбір мүлікке қалауына қарай олардың барлығына бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.»;
25) 10-тараудың тақырыбындағы «Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және оны алып тастау» деген сөздер алып тасталсын;
26) 75-бап алып тасталсын.
5-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):
17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша - қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;».
6. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына ( Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсіби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншік иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.».
7. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
«4) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;»;
2) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Әділет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әділет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау;»;
3) 23-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «және құқықтық көмек» деген сөздер «көмек пен заң көмегін» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
4. «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.».
9. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
9-бап 10) тармақшадағы «құрылыс саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.» деген сөздер «құрылыс;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағы 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай:
«3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацты;
3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз қызметін жүзеге асырып келген нотариаттық палаталар, Республикалық нотариаттық палата осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін, нотариаттық палаталардың, Республикалық нотариаттық палатаның төрағаларын сайлау, басқару органдарын қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс және әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 5-і.
№ 177-VІ