ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 9, 32-құжат; № 14, 70-құжат; 2020 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
253-баптың тақырыбындағы «орналастыру» деген сөз «көму» деген сөзбен ауыстырылсын;
69-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы»;
2) 49-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар түсініледі.»;
3) 101-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацындағы «эмиссия» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 102-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «эмиссия» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 114-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «эмиссиялар» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 138-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.»;
7) 189-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаға теріс әсер еткені;»;
8) 215-бапта:
5-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаға теріс әсер еткені;»;
11-тармақтағы «эмиссия» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 253-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «орналастыру» деген сөз «көму» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 520-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «орналастыру» деген сөз «көму» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 69-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы»;
12) 573-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады.»;
3-тармақтағы «қоршаған ортаға эмиссиялардың» деген сөздер «қоршаған ортаға теріс әсер етудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 574-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.»;
3-тармақтағы «қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссиялар» деген сөздер «туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 575-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Салық салу объектісі
Мыналар:
1) ластаушы заттардың шығарындылары;
2) ластаушы заттардың төгінділері;
3) көмілген қалдықтар;
4) көмірсутекті барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін - белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін - декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін - масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.»;
15) 576-бапта:
1-тармақтағы «осы Кодекстің 577-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
2, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3 986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | | 996,6 |
»;
«5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттер | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | | |
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
1.2.2.1 | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2 | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3 | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4 | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл және күл шлактары | 0,66 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,002 | |
1.2.6 | Радиоактивті қалдықтар: | | |
1.2.6.1. | трансуранды | | 0,76 |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,38 |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,04 |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,38 |
7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.
8. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбаларын) көму бойынша мөлшерлемелерді көтеруге құқығы бар.»;
16) 577-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлемақы сомасын:
1) I және II санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осы Кодекстің 575-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нәтижесінде алынған және осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылған мәліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру мен қолдануды ынталандыру, қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсер ету деңгейінің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кешенді экологиялық рұқсат, оның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақыны есептеу кезінде төлеушілер мынадай коэффициенттерді:
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде, стационарлық көздерден және ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 576-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде ластаушы заттардың төгінділері үшін осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап өндіріс пен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес және лимиттер шегінде қалдықтарды көмгені үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лимиттер шегінде және күкіртті түзу және орналастыру кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осы Кодекстің 576-бабының 7-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін қолданады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) I санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2,4;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 3,44;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
полигон операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,6;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне - 8;
2) ІI және ІІІ санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициенттерін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлемдеріне немесе III санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ету көлемдеріне қатысты қолданылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс әсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлем жасалып, рұқсат құжатын ресімдеу кезінде есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу жүргізіледі.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ластаудың жылжымалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ету көзінің (объектінің) тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомасын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. І санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі осы тармақтың мақсатында - бағдарлама) қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу кестесінде белгіленген мерзімге, маркерлік ластаушы заттар бойынша қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіші шамасының 30 пайызынан аз осындай көрсеткішке қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген заттың эмиссиясына қатысты төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициент теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендетудің белгіленген көрсеткішіне қол жеткізілмеген жылдың алдындағы салық кезеңінен бастап және осындай көрсеткішке қол жеткізілген күнге дейін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттің мәніне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа бағдарламаны орындау мерзімі аяқталған күнге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 30 және одан аз пайызы бойынша белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген жағдайда, төлемақы сомасын есептеу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттер белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген маркерлік ластаушы заттар эмиссияларына қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты бағдарламаны орындау шартымен және кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша берілген кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алу, одан айыру немесе оның қолданысын тоқтату жағдайында, төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттер осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, төлемақы алынатын I санаттағы осы объект бойынша қоршаған ортаға теріс әсердің барлық түрі бойынша кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады.
Бұл ретте егер бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 70 және одан көп пайызы бойынша қол жеткізілсе, осы тармақтың үшінші бөлігі бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге көрсетілген күнге дейін қол жеткізілген I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырған немесе оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін жүзеге асырылған маркерлік ластаушы заттардың эмиссияларына қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес туындаған және есепке жазылған төлемақы сомасына осы баптың 2-тармағында көрсетілген коэффициенттер қолданылған күннен бастап осы Кодексте айқындалған мөлшерде өсімпұл есепке жазылады.»;
17) 705-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «эмиссия» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 9, 32-құжат; № 14, 70-құжат; 2020 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 43-8 және 43-9-баптармен толықтырылсын:
«43-8-бап. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 576-бабының 2, 5, 6 және 8-тармақтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 10 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 10 | |
3. | Шаң және күл | 5 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 1993 | |
5. | Күкіртсутек | 62 | |
6. | Фенолдар | 166 | |
7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
8. | Формальдегид | 166 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,16 | |
10. | Метан | 0,01 | |
11. | Күйе | 12 | |
12. | Темір тотықтары | 15 | |
13. | Аммиак | 12 | |
14. | Алты валентті хром | 399 | |
15. | Мыс тотықтары | 299 | |
16. | Бенз(а)пирен | | 498,3 |
»;
«5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1340 |
3. | Мыс | 13402 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 134 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | | |
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 4,005 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 0,53 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыс тарының тұнбасы) | 0,19 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнер кәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,013 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
1.2.6.1. | трансуранды | | 0,38 |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,19 |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,02 |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,19 |
»;
«8. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен арттырмай көтеруге құқығы бар.».
43-9-бап. 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 577-бабы 2-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
2) полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициент терін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.»;