2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімге енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндет орындамалмаған;
5) уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде уақытша сақтау қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекске сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Заңды тұлға уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
506-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) уақытша сақтау қоймасының қызметін қайта бастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 505-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде уақытша сақтау қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
507-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) тауарларды сақтауға және уақытша сақтау қоймаларында операцияларды жасауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
3) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарына уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізуге және осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) уақытша сақтау қоймасының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз уақытша сақтау қоймасына жібермеуге;
7) уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, бұл қойманың жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға мұндай шешім туралы хабарлауға;
9) осы Кодекстің 174-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
10) өзін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
11) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарының бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
12) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсатында тасымалдаушы тауарлардың ілеспе құжаттарын табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде түсіру жұмыстарының басталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
60-тарау. КЕДЕН ҚОЙМАСЫНЫҢ ИЕСІ
508-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметі
1. Осы Кодекстің 510-бабында айқындалған шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін кеден қоймасының иесі деп танылады.
2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды не өзге де тауарларды кеден қоймасында сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды.
4. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды сақтауға арналып арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар кеден қоймалары болып табылады.
Осы тараудың талаптары сақталған жағдайда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын сақтауға жол беріледі.
2. Кеден қоймасы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
3. Кеден қоймасының жұмыс істеуі кеден қоймасының иесі кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
4. Кеден қоймалары ашық немесе жабық типте болуы мүмкін.
Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады.
Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналса, жабық типтегі қоймалар болып табылады.
Ашық типтегі кеден қоймасы үй-жайының бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмей, тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кеден қоймасы үй-жайының бір бөлігі тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.
5. Кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
510-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Кеден қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
ашық типтегі қоймалар үшін - тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:
табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін - басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
2. Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
511-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні күн ішінде қарайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік карап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.