5. Консулдық мекемелердің басшылары және консулдық мекемелердің өзге де консулдық лауазымды адамдары, егер олар келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, иесімен жөнелтілетін және (немесе) иесімен жөнелтілмейтін багажда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ аталған адамдармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері, егер олар да келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, иесімен жөнелтілетін және (немесе) иесімен жөнелтілмейтін багажда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, мұндай багажда оларға қатысты әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салулар енгізілгеннемесе осындай тауарларды әкелудің және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздер болмаса, кедендік жете тексеруден босатылады. Осындай тауарларға кедендік жете тексеру аталған адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.
6. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда осы бапта көрсетілген, оның ішінде келу мемлекетінің азаматтары болып табылатын және (немесе) онда тұрақты тұратын жеке тұлғалар үшін осы бапта көзделген көлемнен көп артықшылықтар және (немесе) иммунитеттер көлемі көзделсе, онда мұндай тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының осындай халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтардың және (немесе) иммунитеттердің көлемі беріледі.
382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары
1. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері және олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелері, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса:
1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;
жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;
2) кедендік баждарды төлемей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.
2. Консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерімен бірге тұратын, келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын олардың отбасы мүшелері, егер олар да келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса:
1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;
жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;
2) кедендік баждарды төлемей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.
3. Консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналының жұмыскерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда көзделсе, құқылы.
4. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда осы бапта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және (немесе) онда тұрақты тұратын жеке тұлғалар үшін осы бапта көзделген көлемнен көп артықшылықтар және (немесе) иммунитеттер көлемі көзделсе, онда мұндай адамдарға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының осындай халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар және (немесе) иммунитеттер көлемі беріледі.
383-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер делегациялары өкілдерінің және мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуі
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына халықаралық келіссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысу үшін немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің мүшелері, осындай мемлекеттердің парламенттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір жекелеген мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатын негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын, мемлекеттер делегацияларының өкілдері мен мүшелері, сондай-ақ аталған адамдармен бірге жүретін олардың отбасы мүшелері иесімен жөнелтілетін және (немесе) иесімен жөнелтілмейтін багажда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, мұндай багажда оларға қатысты әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салулар енгізілген немесе осындай тауарларды әкелудің және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар және радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болмаған кезде кедендік жете тексеруден босатылады. Осындай тауарларды кедендік жете тексеру аталған адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.
384-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштаны ашуға не кідіртуге болмайды.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін консулдық вализаны ашуға не кідіртуге болмайды.
Консулдық вализада тек қана ресми пайдалануға арналмаған хат-хабарлар, құжаттар және (немесе) тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болған кезде кеден органы ұсынылатын мемлекеттің уәкілетті адамдарының консулдық вализаны кеден органының лауазымды адамының қатысуымен ашуын талап етуге құқылы. Ашудан бас тартылған жағдайда, консулдық вализа жөнелту орнына қайтарылады.
3. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны құрайтын барлық орындардың осы орындардың сипатын көрсететін сыртқы көрнекі белгілер болуға тиіс.
4. Дипломатиялық пошта - тек қана ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарларды, ал консулдық вализа тек қана ресми пайдалануға арналған ресми хат-хабарларды, құжаттарды және тауарларды қамти алады.
5. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық және консулдық курьерлер өткізеді. Дипломатиялық пошта және консулдық вализа осы дипломатиялық поштаны немесе консулдық вализаны ғана тасымалдауға тағайындалған дипломатиялық немесе консулдық курьерлерге де не азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне де сеніп тапсырылуы мүмкін.
Аталған дипломатиялық және консулдық курьерлерде дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын олардың мәртебесі мен орындар саны көрсетілетін курьерлік парақ не оны алмастыратын өзге ресми құжат болуға тиіс. Курьерлік параққа не оны алмастыратын өзге ресми құжатқа қол қояды және дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны жөнелтетін мекеменің мөрімен бекітіледі.
Азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне сеніп тапсырылған дипломатиялық пошта мен консулдық вализа дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орындар саны көрсетілетін ресми құжатпен бірге жөнелтілуге тиіс.
6. Дипломатиялық және консулдық курьерлер жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік жете тексеруден босатылып және кедендік баждар, салықтар төлемей әрбір жекелеген мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатын негізге ала отырып өткізуі мүмкін.
7. Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кеден органының рұқсатымен кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдермен орналастырылмай өткізіледі.
Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсатын алу үшін кеден органына осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсаты осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.
45-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АУМАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНЫҢ БІР БӨЛІГІНЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНЫҢ БАСҚА БӨЛІГІНЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТЕҢІЗБЕН ТАСЫМАЛДАНАТЫН (ТАСЫЛАТЫН) ТАУАРЛАРДЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
385-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жалпы ережелер
1. Осы тарауда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларын және осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі және осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 15 және 16-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдауды (тасуды) қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
4. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалған бөліктер) алынған (пайда болған) шетелдік тауарлар, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда осындай шетелдік тауарларды тасымалдауды (тасуды) қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
Осы тармақтың ережелері халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылатын уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдарына қолданылмайды.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға мыналар жатпайды:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тиісінше әуе кемесінің қонуын не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің порттарына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар);
2) көліктің кез келген түрімен тасымалданатын (тасылатын), кету орнына жеткізу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдауға (тасуға) жататын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы болатын, құрылыс салу (құру, тұрғызу), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағының шегінен тыс жерде орналасқан жасанды аралдарда, қондырғыларда, құрылыстарда жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары (бұдан әрі осы тарауда - объектілер);
4) бұрын объектілерге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінен әкелінген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары, сондай-ақ көмірсутек шикізатын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құрлықтық қайраңында орналасқан объектілерде өндірілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері.
6. Құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жеке тұлғаларды және тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен объектілер арасында тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құрлықтық қайраңын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің егеменді құқықтары және айрықша юрисдикциясы болатын аумаққа тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайды.
7. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарын реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады.
8. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет туындамайды.
9. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
386-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырмай жасау ерекшеліктері және осындай тауарлардың мәртебесі
1. Осы Кодекстің 15-тарауының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуы не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруі жасалмай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты, осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонғаннан кейін, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонғаннан кейін не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кіргеннен кейін, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кіргеннен кейін келген жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 16-тарауының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Тасымалдаушы не осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде тиісінше Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонған, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонған не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кірген, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кірген болса, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органын хабардар еткеннен кейін жасауға міндетті кедендік операцияларды, сондай-ақ осы операциялар жасалуға тиіс мерзімді Комиссия айқындайды.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуы не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруі жасалмай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар, мұндай тасымалдаудан кейін тиісінше Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларды тасымалдау кезінде тиісінше Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонған, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонған не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кірген, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кірген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін бұл тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретіндегі немесе осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі Комиссия айқындайтын тәртіппен расталады;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде қалдырған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары экспорттың кедендік рәсімімен не уақытша әкетудің кедендік рәсімімен, ал шетелдік тауарлар - кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
6. Осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
7. Осы Кодекстің 219-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері сақтала отырып, осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әкелінген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды және бұл мәртебесін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгеннен кейін жоғалтады.
Көрсетілген тауарлар келу орнындағы кеден органына кедендік декларация ұсынылған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде қаралады, осы декларацияға сәйкес осындай тауарлар экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылады және онда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының тауарлар әкелінген бір бөлігіндегі кету орнының кеден органы туралы мәліметтер қамтылады.
8. Осы Кодекстің 385-бабының 5-тармағының 3) тармақшасында және 6) тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жеке тұлғалар мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы мен объектілер арасында тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын, осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.