Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.
188-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) күтім жасайтын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Қорғаншылық (қамқоршылық) құқығы қалпына келтірілген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адам бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын берілген сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
6) күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге шығып кетуі;
7) күтім жасайтын адамды немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде қайта басталады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініші;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның Қазақстан Республикасының басқа елді мекеніне немесе оның шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталушының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
4. Күтім жасайтын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамды ауыстыру оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшысымен келісуі бойынша жүзеге асырылады.
14-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
190-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
2. Бір мезгілде осы баптың 3-тармағында көзделген бірнеше негіз бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша ғана төленеді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқын далған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
4) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
8) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;
9) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
10) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
12) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдар;
13) осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
14) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;
15) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;
16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдар;
17) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
191-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібі
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамның өтініші арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға негіз болып табылады.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін қандай да бір мерзіммен шектелмей, кез келген уақытта жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәліметтер қамтылатын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс өтілін растайтын құжат болып табылады.
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істеген фактіні растайтын құжаттар болмаған кезде жұмыс өтілін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнаулы комиссиялар белгілейді.
4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
5. Уәкілетті мемлекеттік орган:
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді.
192-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдану күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оны тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығының болмауы;
5) өтініш берушінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға растайтын құжаттарды ұсынбау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
193-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібі
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда төленеді.
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындаған кезден бас тап мүгедектіктің тиісті тобы үшін осы Кодексте белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыруға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
194-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
3) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
5) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға - 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне - 4,48 айлық есептік көрсеткіш;
7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамдардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
8) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдары нан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
9) Кеңес Одағының батырларына, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
10) Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
11) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), мемлекеттік наградалармен наградталмаған адамдарға - 2,13 айлық есептік көрсеткіш;
13) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
14) осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,71 айлық есептік көрсеткіш;
15) осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 0,74 айлық есептік көрсеткіш;
16) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балаларға - 1,10 айлық есептік көрсеткіш;
17) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі:
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар балаларға - 1,71 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 1,10 айлық есептік көрсеткіш;
18) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,23 айлық есептік көрсеткіш;
19) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға 1,23 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
195-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) хабарсыз кеткен адамдардың іздестіруде болу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) ата-ана құқықтарынан және қорғаншы (қамқоршы) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы, босатылған және шеттетілген қорғаншылар (қамқоршылар) туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатылған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;