1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидат келісім алынған не басшы қызметкер лауазымынан босатылған (өкілеттіктері тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындалмаған (сайланбаған);
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
7. Басшы қызметкер лауазымына кандидат қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз тиісті функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын, өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы болатын адамға қолданылмайды.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктеу жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімі жоқ адамның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмағанда оны ауыстыруына) тыйым салынады.
8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өзін аталған лауазымға сайлағанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысын немесе мүшесін келісу кезінде, оны сайлағаннан кейін келісуге арналған құжаттар осы баптың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
9. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына кандидатты келісу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру тәртібі, оған қоса мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттары, келісімді алуға қажетті құжаттар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
11. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай:
1) басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі негіздері бойынша бас тартады.
Мыналар:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісіп жатқан мерзім ішінде белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін жоймау немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсыну;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысының немесе мүшесінің лауазымына кандидатты сайлау (тағайындау) тәртібін бұзу;
5) осы баптың 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген, басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсыну;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген деп танылған әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы негіздері бойынша бас тартады.
Бұл талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың өзіне қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының жұмыскері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының жұмыскері екендігі туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
Бұл талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерінің салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының жұмыскері деп өз құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) қор биржасының трейдері түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтері де жатады.
12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, басшы қызметкерлерді тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгеріс туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды осы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
13. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай:
1) келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган оларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адамдарды шеттеткен немесе жұмыстан шығарған жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы бапта көрсе тілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;
6) басшы қызметкерлердің осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша кері қайтарып алады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлау (тағайындау) тәртібі бұзылған жағдайларда, басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
8-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРЛЕР
64-бап. Әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесі және жұмыс ерекшеліктері
1. Адам арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында кәсіптік қызметті жүзеге асырған кезде әлеуметтік жұмыскер мәртебесіне ие болады.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы қорытынды дайындайды және адамның денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректері туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын ұстанады және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес қызметтер көрсетеді.
4. Әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен оңалту іс-шараларын жүргізу үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерді ұсынуға құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыскерге нормативтік жүктемені халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып белгілейді.
6. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер лауазымдар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әлеуметтік жұмыскерлерге жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы және сауықтыруға арналған жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес беріледі.
Жекеше ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға айқындайды.
7. Әлеуметтік жұмыскер кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті органдар бекіткен кәсіптік стандарттарда айқындалатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8. Әлеуметтік жұмыскерлер кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін аттестаттаудан өтеді, оның нәтижесі бойынша оларға уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).
9. Әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау бағдарламасын уәкілетті органдар кәсіптік стандартқа сәйкес әзірлейді.
65-бап. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау шартымен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар мен басқа да адамдар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) өзінің кәсібіне арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан құрметпен қаралуына және тиісті мінез-құлыққа;
4) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайларының жасалуына;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық қызметті жүзеге асыруға, әлеуметтік жұмыс практикасына жаңа әдістемелер мен технологияларды ендіру туралы ұсыныстарды әзірлеуге және енгізуге;
6) әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
7) бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;
8) кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға;
9) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
10) кәсіптік қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын қолдау және арттыру үшін халықаралық стипендиялар мен гранттар бойынша тағылымдамадан өтуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сұратуға және алуға;
2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға;
3) консультация үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі анағұрлым жоғары қажетті мамандарды тартуға құқылы.
3. Әлеуметтік жұмыскерлер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушыларға өз қызметтері үшін сыйақы алудағы жеке мүддесі мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізудің белгілі бір объектілерін, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді немесе оңалту іс-шараларын ұсынатын ұйымдарды ұсынуға;
2) ғылыми-практикалық конференциялар мен мамандандырылған семинарлар өткізуді қоспағанда, өнім берушілердің қатысуымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің және оңалту іс-шараларының түрлерін ілгерілетуге құқылы емес.
4. Әлеуметтік жұмыскерлер:
1) өзінің біліктілігіне, қызметтік және лауазымдық міндеттеріне сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж болудың профилактикасын жүргізуге;
2) өзінің біліктілігіне, лауазымдық міндеттеріне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге;
3) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;
4) кәсіптік құпияны жария етпеуге;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
6) құқық қорғау органдарына халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау фактілері немесе осы әрекеттердің оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы дереу хабарлауға;
7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультация беруге;
8) үш жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспар жасауға;
10) әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік мінез-құлық әдебінің нормаларын сақтауға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге;
12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
13) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
66-бап. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік құпиясы
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі туралы мәліметтер, сондай-ақ дербес деректері әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік құпиясын құрайды.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен оңалту іс-шараларын жүргізу үшін әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік құпиясын құрайтын мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге жол беріледі.