Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында:
1) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты - атом энергиясын пайдалану саласында;
2) өрт қауіпсіздігі саласында;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету саласында;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
5) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіруді, дайындауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін жүргізу мерзімділігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектiсінiң тiкелей қызметiне, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектiлерiн (объектілерін) әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
Жартыжылдық графиктер өздеріне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында нақ сол бақылау және қадағалау субъектiлері белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган графиктердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді тексерулер жүргізу графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдері өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Осы тармақтың үшінші - оныншы бөліктері мынадай жағдайларда:
1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса;
2) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болса;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) егер бару «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындылары бойынша өнім үлгілерін іріктеумен байланысты болса;
3) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астықтың сапасын айқындау үшін оны қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды іріктеумен байланысты болса;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жануарлардың аурулары мен олардың тамақтан улануының, карантинді объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін, карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің, зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізілген;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтимал түрде жаппай қатер төндіруі мүмкін болған жағдайларда, осы бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған;
5) электр станцияларында, қазандықтарда, электр және жылу желілерінде негізгі жабдықтың тоқтап қалуына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген технологиялық бұзушылықтардың туындағаны туралы хабарламалар келіп түскен;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық фактілері туындауының себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 114-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін:
1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) аясын айқындау мақсатында қолда бар барлық ақпаратқа, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы бекіткен қосымша тізімі қалыптастырылады;
3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасы болып табылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы шешімді негізсіз қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы тәртібінің негізінде әзірленеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Төртінші топқа өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау ғана жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызуды, сондай-ақ жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) бөлуді әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
8. Бірінші және екінші топтарға жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерден және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудан босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері болып табылса, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті қызмет салаларындағы үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.
142-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші мемлекеттік орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың тізбесін қамтиды.
Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.
Біртекті топтар деп нақ сол талаптар қойылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.
Тексеру парағы мынадай шарттар ескеріле отырып қалыптастырылады:
1) талаптар осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленуге тиіс;
2) олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар енгізіледі;
3) талаптар жалпы сипатта бола алмайды және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамти алмайды;
4) талаптардың тұжырымдары мейлінше қысқаша болуға, нақты мағынаны және әртүрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жатады.
144-бап. Тексеру түрлерi
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) жоспардан тыс тексерулер.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшаттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабархат);
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгініміне байланысты қайта тексеру;
9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)