9) уәкілетті органның қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шарттарын келіседі.
29-бап. Қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ:
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;
2) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар жібереді;
3) тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына қатысады;
4) тұтынушылардың және табиғи монополиялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты таратады;
5) уәкілетті органмен, өзге мемлекеттік органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, соттармен және өзге де тұлғалармен қатынастарда тұтынушылардың мүдделерін білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де функцияларды орындайды.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
30-бап. Мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субьектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қолданады:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады;
3) материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.
2. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде құқық қорғау органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сəйкес тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кəсіпкер немесе заңды тұлға бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (бұдан əрі - бақылау субъектісі) болып табылады.
2. Уəкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды талдау жəне ақпараттық жүйелердің, ашық дереккөздердің, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтер негізінде жүзеге асырады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру жəне бақылау субъектісіне əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту жəне алу фактісін растайтын өзге тəсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тəсілмен - уəкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уəкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
31-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманы табиғи монополия субъектісі нұсқамада белгіленген, алған күнінен бастап кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс мерзімде орындайды.
2. Табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманы орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган сотқа табиғи монополия субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап арызбен жүгінеді.
6-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
32-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
33-бап. Уақытша өтемдік тариф
1. Уақытша өтемдік тариф:
1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеру;
2) табиғи монополия субъектісі ұсынатын бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді жыл сайынғы талдау нәтижелері бойынша бекітіледі.
2. Уақытша өтемдік тарифті бекітуге мыналар негіздер болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес бекітілген тарифтің асып кетуі;
2) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
3) бекітілген инвестициялық бағдарламаның тарифте ескерілген іс-шараларын орындамау, бұған мынадай:
бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арнап бекітілген тарифтік сметада көзделген қаражаттың толық алынбауына алып келген көлемдердің төмендеу жағдайлары жатпайды. Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді;
өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша пайда болған ақшаның үнемделуі;
анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды енгізуге байланысты шығындарды үнемдеу жағдайлары жатпайды;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бекітілген тарифтік смета шығындары баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамау, бұған мынадай:
анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығындарды үнемдеу;
табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерінің төмендеуімен байланысты шығындарды үнемдеу жағдайлары жатпайды. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді;
өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша пайда болған ақшаның үнемделу жағдайлары жатпайды.
3. Уақытша өтемдік тариф табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға өзі негізсіз алған кірісті, оның ішінде соттың шешімі бойынша толық өтеген жағдайда қолданылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып бекітіледі.
34-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрген залалдарды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы заңнамасына қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға, оның iшiнде тарифтi көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметті ұсынуға шарт жасасудан және орындаудан негiзсiз бас тарту арқылы залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң залалдарды өтеуiне алып келеді.
35-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалдарды өтеу
Уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) табиғи монополия субъектiсiне залал келтiрілген жағдайда, ол бұл залалдардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуін талап етуге құқылы.
7-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 23-бабы 6-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуы, сауда-саттықтардың нәтижелерін жеке интернет-ресурстарында орналастыруды жүзеге асыратын тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, қағаз жеткізгіште немесе сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсына отырып электрондық нысанда жүзеге асырылады.».
3. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 27-і.
№ 204-VІ