ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 109-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 109-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109-3. Уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарының отырыстарына қатысу барысында Үкімет және басқа да заңнамалық бастама субъектілері бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындысында көрсетілген оның бірыңғай ұстанымын қатаң сақтауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ол бұзылған жағдайда бұл туралы Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Кеңсе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хаттарды бір мезгілде Парламент палаталарының әрқайсысына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 111-тармақ өзгертілді
111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады
Заң жобаларын және Үкіметтің қызметіне қатысты басқа да мәселелерді Парламент палаталарында қарау кезінде Үкімет ұстанымын іске асыру мақсатында Өкілдік заң жобалау және өзге де жұмыс мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың Парламент депутаттарымен консультациялар, жұмыс кеңестерін өткізуге бастамашылық жасауға, қажет болған кезде олардан Парламент палаталарына жұмыс топтарының, палаталар комитеттерінің отырыстарына қатысу үшін лауазымды адамдардың кандидатураларын, тиісті құжаттарды ұсынуды сұратуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де жұмысты жүргізуге құқылы.
Өкілдіктің Парламентпен өзара іс-қимылының тиімділігі үшін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарын кез келген түзетулерді Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігімен келісуге тиіс.
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Мемлекет басшысы, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі, Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келіспей тұрақты хабардар етіп отырады және мемлекеттік органдарға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 111-1-тармақпен толықтырылды
111-1. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметте Парламентпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде депутаттардың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар туралы Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігін міндетті түрде хабардар етіп отыруға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-тармақ өзгертілді
113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламентке 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және Кеңсеге жібереді.
Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.
Қорытындының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және олардың қорытындының мазмұны мен оны ұсыну мерзімдеріне жауапты орынбасарлары жауапты болады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-1-тармақ жаңа редакцияда
113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе өзінің құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерінің, сондай-ақ «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің) жобаларын қарау үшін жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді әзірлеудің және Кеңсеге енгізудің немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберудің заңнамалық акті күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеудің үш айдан аспауға тиіс нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкім жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерінің қабылданған уақыты оларды әзірлеу мерзімі болып саналады;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы;
4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актінің жобасын әзірлеу және/немесе әділет органдарында тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты, жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын лауазымды адам бойынша ақпарат енгізеді.
Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтіні, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса берілуі қажет.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Премьер-Министр өкімінің белгіленген тәртіппен келісілген жобасын Кеңсеге енгізеді.
Кеңсеге енгізілген Премьер-Министр өкімінің жобасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен немесе Кеңсе Басшысымен келісу бойынша әзірленетін өкім жобасының орындалуын үйлестіру жүктелетін лауазымды адам айқындалады.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.
Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Әділет министрлігі тоқсанның қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытындылайды және келесі тоқсандағы айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.
Заңға тәуелді актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өздерінің құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Үкімет қаулыларының және/немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге енгізудің не ведомстволық актіні қабылдаудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органның кінәлі жауапты лауазымды адамын жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 114-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 114-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акті қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Регламенттің 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолы қойылған тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 114-2-тармақпен толықтырылды
114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 6-8-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.12. № 1685 Қаулысымен 6-8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
6.8-бөлім. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарында директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 115-1-тармақ жаңа редакцияда
115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Директорлар кеңесі), «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша өзге де адамдар шақырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 115-2-тармақ өзгертілді
115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы», акционерлік қоғамдары, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті (бұдан әрі - қоғамдар) мыналарды:
1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;
2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;
3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;
4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;
5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;
6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстырылымдарын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларды) қамтитын Директорлар кеңесінің/басқарушы комитеттің отырысына материалдарды отырыс күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.
Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.
115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 115-4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
115-4. Отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 115-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісу парақтары мен отырыста болмаған мүшелерінің жазбаша пікірлері (олар болған жағдайда) қоса беріледі.
115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.
115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-11. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды және:
1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;
2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;
3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;
5) отырыстың күн тәртібін;
6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;
8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
2017.29.12. № 943 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді
117. Прокурорлық қадағалау актілері тіркеледі және кейіннен Премьер-Министрді хабардар ету үшін Премьер-Министр Хатшылығына беріледі.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау бойынша тиісті тапсырма Премьер-Министр қолымен ресімделеді.
Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Кеңсеге енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде, сондай-ақ заңдылықтың тиісті бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың қабылданған шаралары туралы ақпаратты білдіруге тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының мәселеге жетекшілік ететін орынбасары алдын ала виза қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қоятын Үкімет бланкісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып ресімдейді.
2017.29.12. № 943 Қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тарау. Үкімет актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.