Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi
Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
1) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
5) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады.
7) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесiнiң, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көрсеткiштердiң жол берiлетiн шектi сандық және сапалық мәнi айқындалады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.
5-тарау. Aң аулау
32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
2. Аң аулау:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.
5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.
33-бап. Аң аулау құқығы
1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аңшы куәлігі болған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) аңшылық минимумына оқыту жүргізуді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердің есебін жүргізуді және оларды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне беруді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Балық аулау құқығы
1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) балық шаруашылығын жүргізуге жергілікті атқарушы органмен жасалған шарты болған кезде берiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар - жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.
7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiнiң, жергілікті атқарушы орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың негiзiнде берiледi.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп берусіз балық шаруашылығын жүргiзуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:
1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;
2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;
3) аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;
4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;
6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.
3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38-бап. Аңшылық алқаптар
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
5. Мына жағдайларда:
1) аңшы куәлiгiнсiз;
2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстарды қолданып;
4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылды
12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;
17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып тышқан тектес кемiргiштердi (сарышұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;