ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 98-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-2-тармақ жаңа редакцияда
98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды адамдары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.
98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:
1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;
2) заң жобасы бойынша слайдтарды;
3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;
4) қаржы-экономикалық есептерді;
5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-4-тармақ өзгертілді
98-4. Кеңсенің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде аталған тізбені, сондай-ақ Премьер-Министрмен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адаммен таныстыруды өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсе Басшысының (не оның міндеттерін атқаратын адамның) алдын ала қарауына таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.
98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-6. Таныстыруға Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары, не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді, ол:
1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын тыңдайды;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын тыңдайды;
3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;
4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;
2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;
3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.
98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-9-тармақ жаңа редакцияда
98-9. Таныстыру қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қойған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-10-тармақ өзгертілді
98-10. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамалары таныстырылуы тиіс.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары) таныстырылуы тиіс.
Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.
6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу,
сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау және заң жобасын шұғыл қарауды жариялау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 99-тармақ өзгертілді
99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу»«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Парламентте қаралуын Қазақстан Республикасының Президенті атынан шұғыл немесе басымды деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Қазақстан Республикасы Президентінің заң жобаларын шұғыл немесе басымды деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялануы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары
Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымды деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.
Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне нақты заң жобасын қарауды басымды деп айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді.
Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымды деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.
6.5. Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда
101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының төлнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) бұрыштама қоюға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 101-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 3)-5), 7)-9), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.
102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 103-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
103. Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет жоспарлануы шұғыл деп жарияланған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына 7 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауы Парламентте жария етілген немесе осы жолдауды Парламентке жолдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісінің Аппараты тіркемей Кеңсеге қайтарған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.
Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінінің дәлме-дәл болмағаны үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
Парламент Сенаты Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды осы Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.
Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган түпнұсқаларын Кеңсе Басшысының қолын қойғызып бір уақытта қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) Парламент Мәжілісінің Аппаратына, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі түпнұсқаларының көшірмелерін (электрондық құжаттар форматында) Парламент Сенатаның Аппаратына жіберу үшін аталған заң жобасы бойынша тиісті, тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.
6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламентіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.
Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.
Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне жататын мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың бірінші басшылары бұрыштама қояды). Қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.
Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтер қамтылуы тиіс.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларға Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ өзгертілді
106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күндік мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Кеңсеге енгізіледі.
Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді
107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жолданады.
Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін ол Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоятын Үкімет бланкісінде ресімделеді.
6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы уәкілетті адамдарға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.
Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығына көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды келісу және олар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Үкімет әзірлеген бірыңғай ұстанымды Парламенттің заң жобаларын қарауы барысында қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар бұлжытпай сақтауға тиіс.
Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.
Көрсетілген тәртіпті бұза отырып білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табыла алмайды.
Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайларда, заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.
Регламенттің осы тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 108-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 108-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларын Парламентте қарау кезінде қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар олардың нормаларын қатаң сақтауы тиіс.
Парламент палаталарындағы мәжілістерге қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға кейіннен депутаттардың Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына түзетулер түрінде (заңдық техникаға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастамашылық жасауы үшін жазбаша немесе ауызша нысанда:
1) бұрын қаралған және жобаларды әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;
2) Үкімет басшылығымен алдын ала келісілмеген және депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге рұқсат берілмеген ұсыныстарды депутаттардың қарауына енгізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларының нормалары мен оларды қарау тәртібіне қатысты Парламент палаталары мен парламенттік комитеттер басшылығының атына өз бастамасы бойынша хаттар жіберуге тыйым салынады.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Осы Регламенттің 108 және 108-1-тармақтарының талаптарын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар Үкімет басшылығының атына заң жобаларына енгізілетін түзетулерді келісу туралы өтінішпен хат жібереді.
Бұл ретте заң жобасын әзірлеуші заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйіндемемен Кеңсеге жібереді, оларды Үкімет басшылығы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар заң жобасына енгізілетін түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.
Қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган бірыңғай ұстанымды қалыптастыру үшін тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық бюджет комиссиясының не Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қарауына жібереді.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Үкіметтің бірыңғай ұстанымын қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.
Қалыптастырылған ұстанымды Үкімет басшылығының қарау нәтижелері Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде оларды одан әрі есепке алу үшін тиісті тапсырмамен әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізеді.
Үкімет басшылығының тапсырмасы уәкілетті мемлекеттік органдардың Парламент палаталарында мүлтіксіз орындауына жатады.