13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не олардан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен 214-1-баппен толықтырылды
214-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау
Заңды тұлғаның жеке тұлғасы үшін көрінеу қылмыстық жолмен алынған, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге заңды түр беруге алып келген, көрсетілген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияны осы заңды тұлғаның жасауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта жеке тұлға деп осы баптың бірінші абзацында аталған заңды тұлғада тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын адамды немесе осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарына немесе заңды тұлғаның жарғысына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау құқығына ие қызметкерін немесе осындай заңды тұлғаның «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасында айқындалған бенефициарлық меншік иесін түсінген жөн.
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалған операция туралы ерікті түрде мәлімдеген заңды тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
215-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 215-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
215-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын мыналардан:
1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің деректерін, ақпараттық жүйенің жұмысқа жарамды көшірмесін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін олардың файлдары мен теңшеулерін резервтік сақтауды қамтамасыз етпеуінен;
2) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның маңызды ақпараттық активтерін үшінші тұлғаларға беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбау жөніндегі шараларды қабылдамауынан;
3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшесінің және (немесе) ішкі аудит бөлімшесінің банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау бөлігінде тексерулер жүргізбеуінен;
4) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінен шығатын телекоммуникациялық қосылуларды (қалалық телефон желісі арқылы қосылуларды қоспағанда) шифрлаудың болмауынан;
5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың желіаралық экрандарда белгіленген қол жеткізу қағидаларын, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық активтерінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылмайтын қосылуларды бұғаттау жөніндегі талаптарды сақтамауынан және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінде кірулерді анықтау мен болғызбау құралдарының болмауынан;
6) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты шифрланбаған арна арқылы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрі ішіндегі маңызды ақпараттық активтеріне қолжетімділік беруінен және (немесе) пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты, қос факторлы аутентификациялау әдістерін пайдаланбай, маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруінен;
7) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушылардың Интернет ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігін және (немесе) сыртқы электрондық поштаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінен;
8) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің әкімшілері тізбесінің және (немесе) маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылаудың және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылайтын арнаулы кешендердің болмауынан;
9) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерінде маңызды ақпараттық активте қосылуларды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және авторизациялау оқиғаларын, қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылардың топтары мен олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылар мен олардың өкілеттіктерінің есептік жазбаларын түрлендіру оқиғаларын, өзгерістердің ақпараттық жүйеде орнатылғанын көрсететін оқиғаларды, аудит параметрлерін өзгерту оқиғаларын, жүйелік параметрлер өзгерістерінің оқиғаларын көрсететін аудиторлық жазба функциясының болмауынан;
10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерге осалдықтарының бар-жоғы тұрғысынан жартыжылдық сканерлеуді жүргізбеуінен және (немесе) анықталған осалдықтарды жою жөніндегі түзету шаралары туралы ұсынымдар көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы есеп түріндегі сканерлеу нәтижелерінің болмауынан;
11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мониторингтеуге жататын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тізбесінің, осындай оқиғалар дереккөздерінің, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу кезеңділігінің, тәртібі мен әдістерінің болмауынан және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою тәртібінің іске асырылғанын растайтын құжаттардың, мәліметтер мен фактілердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етпеуінен;
12) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу мен талдауды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын сыныптау мен оларға басымдық беруді жүзеге асырмауынан;
13) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты шоғырландыруды, жүйелеуді, сақтауды, оның тұтастығын және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы ақпарат көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналында сақталуын қамтамасыз етпеуінен көрінген бұзушылық -
орта кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында маңызды ақпараттық активтердің тізбесін қалыптастыру мен кейіннен жаңартып отыру жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан және (немесе) маңызды ақпараттық активтер үшін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға - бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға - бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 217-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 217-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің валюталық операциялар бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 218-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 218-бап өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы -
бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 220-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту мерзімдерін бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-бөлік өзгертілді
4-1. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақшаны алу кезектілігін бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.