173) таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу;
174) қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
174-1) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен иелік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;
175) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
175-1) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
176) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
177) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органға олар объектіні жекешелендіргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін алдағы жекешелендіру туралы алдын ала хабарлау;
178) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
179) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
180) сатып алу-сату шартын, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
181) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
182) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
183) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жүзеге асыру;
184) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын тиісті саланың уәкілетті органына беру;
185) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталына қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасында таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;
186) акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;
187) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
188) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
189) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
190) меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
191) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
192) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу;
193) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі мәніне жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
194) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату мен алуды жүзеге асыру;
195) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпарат тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
196) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыру;
197) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;
198) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
199) республикалық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
200) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;
201) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру;
202) республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын анықтау жөніндегі конкурсты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу;
203) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүлікті бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
204) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
205) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
207) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
209) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 209-1) тармақшамен толықтырылды
209-1) республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 210) - 216) тармақшалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
210) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
211) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, қызметтің осы бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
212) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық дерекқор жүргізу;
213) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
214) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
215) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
216) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
217) соттың қылмыстық істер бойынша сұрау салуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 218) - 227) тармақшалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
218) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беру;
219) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы мәліметтер мен ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберу;
220) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
221) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
222) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
223) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
224) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
225) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;
226) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
227) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;
228) қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша клиентті тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;
229) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;
229-1) ҚР Үкіметінің 2015.13.11. № 912 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
229-2) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;
229-3) ҚР Үкіметінің 2015.13.11. № 912 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
229-4) қаржы мониторингі, сыртқы барлау уәкілетті органына жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібін сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп анықтау;
229-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
229-6) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
229-7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
229-8) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге енгізу;
229-9) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкіне, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкіне қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
229-10) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
229-11) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 230) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
230) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісі мен мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 230-1) және 230-2) тармақшалармен толықтырылды
230-1) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
230-2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 231) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
231) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған сәттен бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 232) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
232) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 233) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
233) шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
234) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негіздерді көрсете отырып, шет мемлекеттің сұрау салған құзыретті органына бас тарту туралы хабарлау;
234-1) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;
234-2) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;
234-3) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
235) капиталдың сыртқы нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
235-1) уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 235-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;
235-3) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 235-4) - 235-8) тармақшалармен толықтырылды («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді)
235-4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
235-5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде әзірлеуге қатысу;
235-6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
235-7) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қағадалауды жүзеге асыру;
235-8) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
235-9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;
236) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2014.10.04. № 339 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 912 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдар, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамалар әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;