48-7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
48-8) мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай операторды айқындау;
48-9) мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту;
48-10) мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
48-11) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
48-11) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларын сертификаттау қағидаларын бекіту;
49) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;
50) кедендік төлемдер мен салықтардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
51) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi әзiрлейтін және бекiтетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;
52) мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару, сондай-ақ берілген мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мәселелері бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша сенім білдірілген адамдармен (агенттермен) өзара іс-қимыл жасау;
53) өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекiту;
54) кредитордың және (немесе) сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол жөнінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
55) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
55-1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу;
55-2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55-3) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын үлгілік тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және бекіту;
55-4) ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
55-5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту;
56) салық және бюджеттік саясаттың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
57) салық және бюджеттік саясатты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу;
58) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
59) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды дайындау;
61) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу;
62) салалық органдармен бірлесіп, кәсіпорындарды жүйе құрайтындарға жатқызу өлшемдерін бекіту;
63) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
64) автономды білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
65) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
66) бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындау;
67) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
68) шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
69) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау және оны бекіту бойынша құқықтық актінің жобасын әзірлеу;
70) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, аудиторлық және бағалау қызметтері мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-кимыл;
72) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іріктеп тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 73) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 74) - 114) тармақшалармен толықтырылды
74) - 78) тармақшалары 2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
74) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу;
74-1) бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту;
74-2) бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
74-3) бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту;
74-4) бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;
74-5) бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және бағалаушылар палатасының өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштерді қарастырудың талаптарын бекіту;
75) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу;
76) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
77) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
78) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту;
78-1) борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу және ұйымдастырушыны айқындау қағидаларын бекіту;
78-2) уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу тәртібін бекіту;
78-3) оңалту рәсімінде және банкроттық рәсімінде әкімші қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту;
78-4) бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту;
78-5) әкімшінің ағымдағы және сұрау салынған оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін бекіту;
78-6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар өтеу қағидаларын бекіту;
79) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) келісу;
80) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
81) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
82) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар жобаларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыну;
83) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
84) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
85) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оның жасалу тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
86) бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
87) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
88) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы және олар бойынша қорытындылар дайындау;
89) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттар міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
90) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалардың жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіліктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
92) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
93) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
94) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бюджет түсімдерін бөлу кестесін әзірлеу және бекіту;
95) нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу және Министрліктің құзыреті шегінде олар бойынша қорытынды ұсыну;
96) бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелердің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің қажетті сараптамаларын жүргізуге қорытындылар қалыптастыру;
97) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
98) қоса қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды бюджет жобасына іріктеу;
99) Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
100) - 114) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
100) құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
101) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
102) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
103) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
104) құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
105) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын жабу және ашу, жүргізу және жабу тәртібін бекіту;
106) бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту;
107) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін бекіту;
108) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
109) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
110) кәсіби аудиторлық ұйымдарды, кәсiби бухгалтерлер ұйымдарын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;
111) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту;
112) бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
113) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
114) концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту;
114-1) кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін бекіту;
114-2) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, біліктілік емтихандарын өткізуге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарын айқындау;
114-3) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібінің бағдарламасын әзірлеу, біліктілік емтиханына арналған сұрақтарды әзірлеу және бекіту, аттестат алуға үміткерлердің білімдерін бағалау критерийлерін, біліктілік аттестатының, бейдждің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын белгілеу;
114-4) кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;
114-5) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тасымалдау туралы есептілік ұсыну;
114-6) сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
114-7) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
114-8) мемлекеттік кірістер органдарының еркін қоймалардың иелерімен өзара қарым-қатынас тәртібін бекіту;
114-9) арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру, адамдардың осындай аумаққа кіру, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беру, тауарлар есебін жүргізу, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсыну, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тану тәртібін айқындау;
114-10) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Кеден одағының Кеден кодексінде реттелмеген бюджеттен артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған кеден баждарының, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке алу) қағидаларын бекіту;
114-11) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде реттелмеген бөлігінде бюджетке кеден баждарының, салықтардың, кеден алымдарының және өсімпұлдардың түсімдерін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібін бекіту;
114-12) кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу тәртібін бекіту;
114-13) кедендік әкету баждарының, салық және кеден алымдарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын, аванстық төлемдер сомаларын, кеден баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын, салықтарды қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
114-14) кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
114-15) кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану тәртібін бекіту;
114-16) кедендік бақылау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін бекіту;
114-17) кедендік бақылауда тұрған тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын бекіту;
114-18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту;
114-19) ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін бекіту;
114-20) тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану тәртібін бекіту;
114-21) кедендік сүйемелдеу тәртібін бекіту;
114-22) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іріктеуі тәртібін бекіту;
114-23) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту жасауының тәртібін бекіту;
114-24) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату тәртібін бекіту;
114-25) электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілеу;
114-26) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;
114-27) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту;
114-28) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту;
114-29) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;
114-30) акциздеу бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
114-31) салықтық есептілік нысандары мен оларды жасау қағидаларын бекіту;
114-32) тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішті кері қайтару тәртібін бекіту;
114-33) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;
114-34) тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын бекіту;
114-35) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік нысандарын бекіту;
114-36) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштердің нысандарын бекіту;
114-37) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
114-38) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларын бекіту;
114-39) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабына сәйкес кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту;
115) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту;
116) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
117) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
118) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
119) мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекіту;
120) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын жасау, оларды ұсыну қағидаларын бекіту;
121) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын бекіту;
122) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту;
123) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алу-бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
124) этил спирті және алкоголь өнімі өндірісінің паспорттары үшін қажетті мәліметтердің тізбесін бекіту;
125) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекіту;
126) этил спиртін сақтау мен еткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту;
127) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
128) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
129) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі және мерзімдерін айқындау;
130) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібін және мерзімін айқындау;
131) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін белгілеу;
132) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
133) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімін бекіту;
134) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
135) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібін бекіту;
136) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) және (немесе) декларанттардың не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адамдардың тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарын салық және (немесе) кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;
137) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкім аппараттары жасайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсімдердің жиынтық жоспарын жасау;
138) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізу;
139) жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң үш жылдық кезеңге арналған лимиттерiн келісу;
140) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту;