Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 382 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
1-тармақтың төртінші абзацындағы «Азаматтардың» деген сөз «Жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы және мәтіндегі «Азаматтардың», «Хат және азаматтарды қабылдау секторында», «хат және азаматтарды қабылдау секторы», «хат және азаматтарды қабылдау секторында», «хат және азаматтарды қабылдау секторына» және «Хат және азаматтарды қабылдау секторы» деген сөздер тиісінше «Жеке және заңды тұлғалардың», «Бөлімде», «Бөлім» және «Бөлімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«азаматтардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде (бұдан әрі - Бөлім) тіркеледі және өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен есепке алуға (бұдан әрі - Есепке алу ережесі) жатады.»;
4-тармақтағы «азаматтардың хаттары» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың хаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацындағы «Азаматтар хаттарын» деген сөздер «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «Азаматтардың» деген сөз «Жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы «Азаматтардың хаттары», «азаматтардың хаттарына» деген сөздер тиісінше»«Жеке және заңды тұлғалардың хаттары», «жеке және заңды тұлғалардың хаттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарына Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап есептеледі және былайша белгіленеді:
1) 15 күнтізбелік күннен аспайды, мемлекеттік органдардан мемлекет жүз пайыз қатысатын немесе мемлекеттік тапсырыстың және (немесе) мемлекеттік сатып алудың шарттарына сәйкес (бұдан әрі - субъектілер) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардан ақпарат алуды не жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап етпейтін;
2) 30 күнтізбелік күннен аспайды, субъектілерден ақпарат алуды немесе жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап ететін;
3) қосымша зерделеу жүргізуді немесе тексеруді қажет ететін жағдайда қарау мерзімін Басшылық 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы мерзім ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге хабарланады;
4) егер өтініште жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш ол түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтініш берушіге 3 күнтізбелік күннің ішінде хабарланады.
Егер оған жауапта жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерінде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, хатты қарауды аяқталды деп санауға болмайды.»;
12-тармақтың екінші абзацындағы «азаматтардың» деген сөз «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жеке тұлғалардың қолдары, оның ішінде электрондық цифрлық қолдары қойылмаған, өтініш берушінің тегі, аты, почталық мекен-жайы (тұрғылықты жері, жұмысы немесе өзге де айналысатын ісі туралы деректер, электрондық почта мекен-жайы) көрсетілмеген немесе анық көрсетілмеген жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері, қолы, атауы, почталық мекен-жайы (тұратын жері туралы деректер), шығыс нөмірі және күні көрсетілмеген заңды тұлғаның өтініштері жасырын деп танылады.
Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес жедел қайта жіберілуге жататын жағдайларды қоспағанда, жасырын хаттар қаралмайды.»;
14-тармақтың бірінші абзацындағы «азаматтардың» деген сөз «жеке және (немесе) заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «Азаматтардың хаттары» деген сөздер «Хаттар» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта:
бірінші абзацтағы «Азаматтарды қабылдауды» деген сөздер «Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды есепке алу Есепке алу ережесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда ол жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу жазбаша өтініш сияқты жүргізіледі.»;
16-1-тармақтағы «азаматтардың» деген сөз жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтағы «азаматтарды» деген сөздер «жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 324-құжат):
Тақырыбындағы «азаматтарды» деген сөз «жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Азаматтардың» деген сөз «Жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта:
«азаматтарды қабылдауды» деген сөздер «жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күші бар Жарлығында» деген сөздер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «азаматтар қабылдауды 1-қосымшаға сәйкес нысанда есепке алу карточкаларын толтыру жолымен» деген сөздер «өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «азаматтарды қабылдау», «азаматтар өтініштерінің» және «азаматтарды қабылдаудың» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау», «жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтініштерінің және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |