8) тармақша «мән-жайлар кезінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпарат жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;»;
2) 5-баптың 1-тармағы «нәтижесінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылды және деректер алмасуды жүзеге асырады.»;
4) 8-бапта:
1-тармақ 6) тармақшасындағы «жіберуге құқығы бар.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар.»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «сақтандырушымен:» деген сөз «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартына сәйкес сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен және 16) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, 17) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) осы Заңның 23-1-бабына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуге;»;
«17) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға міндетті.»;
5) 9-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы «Азаматтық кодексінде» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және осы Заңда» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен және 9) тармақшадағы «төлеуге міндетті.» деген сөздер «төлеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде, жасалған зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына және осы Заңға сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін ай сайын жүзеге асыруға;»;
«10) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;
11) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға және (немесе) пайда алушыға оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;
12) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде пайда алушыға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы осы Заңның 23-1-бабына сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.»;
6) 10-бапта:
2) тармақшадағы «аннуитет шартының көшірмесін» деген сөздер «аннуитет және зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттарының көшірмелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «сақтандыру омбудсманына» деген сөздерден кейін «, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «жіберуге құқығы бар.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңның 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды және санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтетуге құқығы бар.»;
7) 16-баптың 2-тармағы «шығыстар» деген сөзден кейін «, алдын алу шараларын және оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 17-1-бапта:
2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «бес жылдың» деген сөздер «үш жылдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы үш жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда сақтандырушы осы Заңның 17-бабына сәйкес айқындалған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін 10 пайыздан асырмай азайтуға құқылы.»;
9) 19-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жұмыскерге» деген сөз «Осы баптың 2-1-тармағына сәйкес бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоспағанда, жұмыскерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бастапқы белгіленгеннен кейін зардап шеккен жұмыскердің зардап шеккен жұмыскерді оңалтудың жеке бағдарламасына қарамастан бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өтеттіріп алуға құқығы бар.
Жұмсалған шығыстарды өтеу осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.
2-2. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін отыздан бір жүз пайызды қоса алғандағы мөлшерде бастапқы рет белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған (қайта куәландырылған) жұмыскерлер жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген сақтандыру төлемдері сақтанушы (пайда алушы) осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып жүгінген күннен бастап тағайындалады.»;
3-тармақтағы «бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшері жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебінен төленеді.
Егер сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және жерлеуге жұмсалған шығыстардың, оңалту шараларын жүргізуге, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың сомасын (сомаларын) ескере отырып, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жүзеге асырылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге нақты жұмсаған шығындарын өтеуді сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысы толық көлемде төленген жағдайда және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.»;
10) мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:
«23-1-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасу
1. Жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға өтініші және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтанушы қолданылу кезеңінде зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға алып келетін оқиға басталған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен пайда алушының пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.
2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты сақтанушы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған хабарламаны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру тарифінің негізінде айқындалады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына қойылатын талаптарда және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгілейді.
23-2-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.
2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады.
Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға келісім алынған күн зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.
Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі оны алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.
6. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін Мемлекеттік корпорацияның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.».
2-бап.
1. Осы Заң, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 3, 4 және 7-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін адамдарға зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі нормаларды іске асыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары шеңберінде тараптар осындай шарттарға қосымша келісім жасасу арқылы олардың талаптарына өзгерістер енгізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 21 желтоқсан
№ 49-VІІІ ҚРЗ