2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;
емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық және сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап етіп алдыруына жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бір данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
21-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
23-бап. Аннуитет шартын жасасу
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негiз болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не
қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ