мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;
қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;
чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақша нысанында алу немесе беру;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;
7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;
8) егер операция сомасы 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 200 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
2. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қаржы мониторингіне клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары жатады.
Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін уәкілетті орган бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.
3) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.
Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.
Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Егер клиент мемлекеттік орган, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, сақтандыру ұйымы болса, клиенттің іскерлік қарым-қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдіктер болған жағдайларды қоспағанда, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тұлғаны анықтамауға және ол туралы мәліметтерді тіркемеуге құқылы;
3) 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мынадай біржолғы операцияларды жүргізу кезінде:
электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелері - жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банктің шотына ақшаны есепке жатқызу не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлемді жүргізу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент банктік шотты пайдаланбай, қолма-қол ақшасыз төлемді немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай төлемнің немесе ақша аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бағалы қағаздарын сатып алу мақсаттары үшін жеке тұлғаларға бағалы қағаздардың орталық депозитарий жүйесінде шот ашу кезінде, егер осындай бағалы қағаздармен жасалатын операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол ақшасыз нысанда микрокредиттер берген кезде, егер микрокредиттің сомасы 150 000 теңгеден аспаса, қолданылмайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері:
1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған;
2) клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызған жағдайларда, клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қатынастар шеңберінде, трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру жөніндегі шараларды қолданбай, операциялар жасауға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;
3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:
1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:
1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;
3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.