Мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтық қарсы тексерулерді жүргізу кезінде тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы органдарды хабардар етеді.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) тұрған жерiндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оларды ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну жолымен тiркейдi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiлігi қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiлігiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы олар басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.
Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы хабарламаны қолма-қол табыс етеді, табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.
2. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтарды тікелей жасау кезінде олардың жолын кесу қажеттілігіне қарай жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
3. Бақылау және қадағалау органының объектіге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау үшін келген лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгі қойылған тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдi объектілерге баруға арналған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiлген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісін тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағымен таныстыру күні тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу үшін қажетті материалдарға қол жеткiзуiне кедергі келтiрiлген жағдайларда хаттама жасалады. Хаттамаға бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебіне жазбаша түсiнiктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
5. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізе алады. Бұл ретте тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетіле отырып хабардар етiледi.
6. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Нақ сол мәселелер шеңбері бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектісіне бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдарының бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
8) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеруді қоспағанда, осы орган әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркеуге мiндеттi.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 148-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері
1. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілері үшін:
жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға - жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзім болуға тиіс.
2. Бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркей отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресiмдейдi, онда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тіркелген күні және ұзарту себебі көрсетiледi.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдері ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.
Бақылау және қадағалау органы тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді және мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру тәртiбiнің ерекшелiктерi және мерзiмдерi «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
149-бап. Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Өнiм үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.
Ірiктеп алынған өнiм үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiм үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiмен бiрге сараптама жүргізу (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
Өнiмнің үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiн сақтау және тасымалдау шарттары осы үлгiлердiң сараптамасы (талдау, сынақ) жүргізілетін өлшемдерді өзгертпеуге тиiс.
Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiм үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъект өзiнде қалған үлгiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттiк берілген ұйымда өз бастамасы бойынша сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптама (талдау, сынақ) нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.
150-бап. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны және күнi;
2) өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және тұрған жерi;
5) тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
151-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі шектеулер
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 152-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша: