Қазақстан Республикасының
Заңы
Ақпараттандыру туралы
(2021.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы
7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы
7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Сарапшылық кеңес
9-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi
10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi
11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты
12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы
13-бап. Оператор
13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну
2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»
21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі
22-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы
23-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы
24-бап. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы
25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы
27-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі
28-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі
30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі
31-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы
5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР
32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері
33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі
33-1-бап. Цифрлық активтер айналымының құқықтық режимі
34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі
40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану
41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару
42-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар
43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ
45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі
45-1-бап. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін берушіні, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша айқындау
45-2-бап. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушілеріне, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары
45-3-бап. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісін, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану негіздері
46-бап. Оператордың мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуі
47-бап. Оператордың сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесімен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
8-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЫНАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ
48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру
49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар
50-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті
51-бап. Алып тасталды
52-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау
9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ
53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары
54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру
55-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары
56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау
56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды қорғау
3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-тарау. ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУ
57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар
58-бап. Алып тасталды
59-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу
60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы
11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ
61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету
12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
63-бап. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
65-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
66-бап. Өтпелі ережелер
67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру - ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;
2) ақпараттандыру - ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құруға немесе дамытуға, сондай-ақ оларды көрсетуге негізделген, мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудағы орталықтандырылған тәсілді іске асыру;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру немесе дамыту, сондай-ақ көрсету жөніндегі дәйекті іс-шаралар жиынтығы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік әріптес, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы және сервистік бағдарламалық өнімдерді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін беруші болып табылатын жекеше әріптес тараптары болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту және көрсету кезінде тараптардың құқықтарын, міндеттерін, жауаптылығын және өзге де шарттарды айқындайтын сервистік келісімшарт;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі - ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы - деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
6) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы (бұдан әрі - сыныптауыш) - ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және сипаттауға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) ақпараттандыру объектісін дамыту - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
6-2) ақпараттандыру объектісін ендіру - автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;
6-3) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру - өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
6-4) ақпараттандыру объектісін құру - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;
6-5) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;
6-6) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану - ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;
6-7) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі - ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және оның өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;
7) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздік) - электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
8) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;
10) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) ақпараттандыру субъектілері - ақпараттандыру саласында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
13) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) - 17) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) ақпараттық жүйенің аудиті - ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеп-қарау;
19) - 22) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері - ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;
26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет - осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырма - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке қойылатын техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің шекті құнын көрсететін құжат;
27) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогы - мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің бірыңғай анықтамалығы;
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
29) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы - экономиканың бағдарламалық қамтылымды, техникалық құралдарды, тұрмыстық электрониканы және оның құрамдастарын жобалаумен, жасаумен және өткізумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты саласы;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
29-1) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты байқау;
30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы - ақпараттандыру объектілерінің қазіргі бар қауіпсіздік саясатын ықтимал бұзу туралы не ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысы болуы мүмкін, бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын жай-күйі;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты - ақпараттық қауіпсіздік және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-4) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-4) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы - электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация желілері мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-5) тармақшамен толықтырылды
30-5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі - осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
31) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы - ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiрмесін түсіріп алу, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын іркілістер;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-1) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
32) ақпаратты қорғау құралы - ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған және сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) арнайы сарапшылық кеңесі - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 33-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды акселерациялау - «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруға дайындау мен оқыту процесі;
34) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;